Атырау, 8 желтоқсан 15:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

ҚР Энергетика министрлігінде қызметтік этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері талқыланды

338 рет қаралды
gov.kz

2025 жылғы 29 мамырда ҚР Энергетика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ләззат Қосаеваның қатысуымен ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары мен мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинар өткізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі талаптары түсіндірілді.

Семинарда қызметтік міндеттерді тиісінше орындау, қызметтік тәртіпті нығайту, қоғам тарапынан сынға жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, оның ішінде құмар ойындарға қатысуға тыйымды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен этикалық жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал етті.

4 маусым, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.