Атырау, 5 желтоқсан 07:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Ириклинск су қоймасынан су жіберу секундына 90 текше метрге дейін артады

682 рет қаралды

Ириклинск су қоймасынан су жіберу көлемі 60-тан 90 текше метрге дейін артады, деп хабарлайды Ural56.ru Орск қаласының әкімі Артем Воробьевке сілтеме жасап.

Бұл шешім «Орал өзенінің жоғарғы ағысы мен оның салаларындағы гидрологиялық жағдайды ескере отырып» қабылданды. Су жіберу 28 мамырдан бастап көбейтіледі.

26 мамырдағы мәліметтер бойынша, өзенге келіп жатқан су көлемі секундына 128 текше метрді құрайды. Су қоймасының толуына 39 сантиметр қалған.

27 мамыр, 21:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.