Атырау, 8 желтоқсан 15:58
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда кейбір жаңа жолдар сапа стандарттарына сай емес

553 рет қаралды

Қалада бірнеше жол учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау филиалының инженерлері Атырау қаласындағы құрылыс жұмыстары басталған 27 нысанды бақылауға алды. Бұл туралы филиалдың бөлім бастығы Нұрлан Жантурин айтты. 

Еркінқала елді мекеніне бағытталған Жастар көшесіндегі 11,7 шақырым жолды  қайта жаңғырту жұмыстары былтыр басталып, биыл жалғасып жатыр. Бұдан бөлек  Жарбосынов көшесіндегі 2,202 шақырым жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Қ.Сатпаев көшесінде 3,5 шақырым жол, И.Тайманов көшесінен Сарыөзекке дейінгі 6,4 шақырым жол  қайта жаңғыртылып жатыр. Ал, Ерниязов көшесіндегі 0,753 метр жол, Азаттық көшесіндегі 2,4 шақырым жол орташа жөнделеді.

Қазір аталған жолдарда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жаз бойы бұл жолдардан бөлек 21 нысанда жол салынады. 

Инженерлер жыл басынан бері қала жолдарына 24 рет тексеріске шығып, бір ақау анықтаған, ол әзірге жойылмапты. Ал, құрылыс материалдарынан 59 сараптама алынған, оның  42-сі ҚР Стандартарына сәйкес, 6 сынама сәйкес емес, қалған 11-і жол зертханасында тексеріліп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 мамыр, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.