
Атырау облысының тұрғыны Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы мектеп директорына қоңырау шалып, өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы ретінде таныстырған. Ол жұмыс орнына мас боп келгені үшін жұмыстан шығарылған қызметкерді қайта жұмысқа алуды сұрапты.
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қоңырау шалған адамның антикоррупциялық органдарға еш қатысы жоқ екенін хабарлады.
Оның жеке басы анықталып, материалдар Атырау облысының полициясына берілді.
8 мамырда ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша – жала жабу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сотта ол кінәсін мойындап, өкініш білдірді. 14 мамырда оған айыппұл салынды.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +4