Атырау, 5 желтоқсан 08:55
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Үндістан жағалауында қауіпті жүк тиелген кеме суға батты

545 рет қаралды
© Фото: Үндістан Қорғаныс министрлігі

Үндістан жағалауында қауіпті жүк тиелген контейнер кемесі суға батып кетті. Бұл туралы  «Известия» хабарлады.

Либерия туы астында жүзіп келе жатқан MSC ELSA 3 контейнер кемесі сенбі күні Үндістанның Кочи қаласының жағалауынан 38 теңіз милі қашықтықта қисайып, толық аударылып қалды. Кеме мұнайдың төгілу қаупіне тап болды.

Кеменің капитаны Ресей азаматы болған, ал экипаж құрамында 20 филиппиндік, 2 украиналық және 1 грузиялық азамат бар. Үндістанның жағалау күзеті кемедегі барлық 24 экипаж мүшесін эвакуациялады.

«Кемеде 640 контейнер болған, оның ішінде 13 қауіпті жүк және 12 кальций карбиді бар. Сонымен қатар, кеменің резервуарларында 84,44 тонна дизель отыны және 367,1 тонна мазут сақталған», — делінген хабарламада.

26 мамыр, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.