
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарының дабыл жүйесін тексеру кезінде неге дыбыстық сигналдарды естімегенін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, оқу-жаттығу тыныш режимде өткен. Бұл шешім оқу жылының аяқталуына және мектептердегі соңғы қоңырау мерекесіне байланысты қабылданған.
— Мерекелік атмосфераны бұзбау және халық арасында алаңдаушылық туғызбау үшін дабыл сиреналарын қоспау туралы шешім қабылданды, — делінген ҚР ТЖМ ресми хабарламасында.
22 мамыр, 12:27