Атырау, 23 маусым 09:17
 бұлттыВ Атырау +27
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Бергей Рысқалиевты аңду және елшілік алдындағы арандату: Лондонда «Мәскеу агенттері» сотталды

705 рет қаралды
Бергей Рысқалиев, "Русева" тобы, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі ғимараты, "АЖ" коллажы.

Лондонда Ресей пайдасына тыңшылық жасағаны үшін айыпталған болгариялық «Русев тобының» алты мүшесі сотталды. Олардың басты мақсаты – журналист-тергеушілер Роман Доброхотов пен Христо Грозевтің қызметін бақылау болған. Бұл журналистер Ресей билігінің бұрынғы тыңшы Сергей Скрипаль мен оппозиционер Алексей Навальныйды улау ісіне қатысы барын әшкерелеген, деп хабарлайды ВВС.

Топтың жетекшісі Орлин Русев ең ұзақ мерзімге – 10 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Қалған мүшелері де түрлі мерзімге сотталды:

  • Бизер Джамбазов – 10 жыл 2 ай
  • Катрин Иванова – 9 жыл 8 ай
  • Ваня Габерова – 6 жыл 8 ай 3 апта
  • Тихомир Иванчев – 8 жыл
  • Иван Стоянов – 5 жыл 3 апта

Судьяның айтуынша, әрбір сотталған адам жазасының кемінде жартысын түрмеде өтеп, содан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігіне ие болады.

Топтың жоспарлаған операцияларының бірі – Қазақстан тарапына бірнеше қылмыстық іс бойынша іздеуде жүрген бұрынғы Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев туралы ақпарат беру үшін оны аңду болған. 

Тағы бір операция Қазақстанның Лондондағы елшілігіне қарсы бағытталған. 2022 жылдың қыркүйегінде олар жалған наразылық акциясын ұйымдастырып, кейін оның «ұйымдастырушылары» туралы мәліметті Қазақстан билігіне беруді көздеген.

Бұған дейін Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің Жапониядағы суретіне жауап ретінде Бергей Рысқалиев Лондондағы гүлдеп тұрған сакура саясында серуендеп жүргенвидеосын жариялаған еді. 

12 мамыр, 23:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.