Атырау, 8 желтоқсан 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Шымкентте терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырғаны үшін 7 жылға сотталды

366 рет қаралды

Шымкентте ауданаралық сот терроризмді насихаттағаны және діни алауыздықты қоздырғаны үшін ер адамды 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот материалдары бойынша Н. 2024 жылдың маусымы мен қыркүйек айларында Шымкент қаласында ұялы телефонын пайдалана отырып  «Youtube» платформасында каналдарын ашып, «Ат-...» халықаралық экстремистік ұйымының  көзқарастарына жататын бейнежазбаларын салып, терроризмді насихаттап, өзге ұлт және дін өкілдерінің дiни сезiмдерiн қорлап, оларды жек көруге шақыратын ұлттық, дiни алауыздықты қоздыруға бағытталған бейнежазбаларды «Тик-Ток» желісіне салған. 

Мемлекеттік айыптаушы оның іс-әрекетін ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен, 256-бабының 2-бөлігімен (телекоммуникация желілерін пайдалана отырып ұлттық, дiни алауыздықты қоздыру, телекоммуникация желілерді және онлайн платформаларды пайдалана отырып терроризмді насихаттау) саралап, сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындап, өзіне жеңіл жаза сұрады. 

Жаза тағайындау барысында сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде оның шын өкінуін ескерді, ауырлататын мән-жай анықталмаған. 

Үкім бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы  тағайындалды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

12 мамыр, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.