Атырау, 8 желтоқсан 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстан мен БАӘ 5 миллиард долларлық келісімдерге қол қойды

434 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесу өткізді. Президент мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның бұл сапары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретініне назар аударды.

Әмірліктер Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі болып табылады. Екі елдің мақсаттары мен мүдделері өзара үндеседі. 2023 жылы Қазақстан мен БАӘ үкіметтері стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы бірлескен декларацияға қол қойған болатын.

Кездесу барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың ондығына кіретіні айтылды. 2023 жылы БАӘ-нің елімізге салған инвестиция көлемі екі есеге артып, рекордтық деңгейге жетті.

Президент Тоқаев сапар аясында жалпы құны 5 миллиард долларды құрайтын 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылатынын атап өтті. Бұл келісімдер екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтып, өзара тиімді байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

Абу Дабидің Тақ мұрагері Қазақстанға ерекше ықыласпен келгенін айтып, көрсетілген қонақжайлық үшін алғыс білдірді. Ол Қазақстан мен БАӘ арасындағы қарым-қатынас өзара сенім, қолдау және ортақ игілікке ұмтылу қағидаттарына негізделгенін атап өтті. Бұл байланыстар сауда-инвестициялық ықпалдастықтан бастап, энергетика, көлік, цифрлық инфрақұрылым және білім беру салаларына дейін кең ауқымды бағыттарды қамтиды.

Тақ мұрагерінің айтуынша, бүгін қол қойылатын келісімдер екі елдің болашақта да бірлесіп жұмыс істеуге бейілді екенін дәлелдейді.

12 мамыр, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.