Атырау, 8 желтоқсан 18:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Биылғы Құрбан айт қай күні басталады?

714 рет қаралды

Қазақстанда биылғы Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі хабарлады.

Мереке күндері Хижри күнтізбесі мен халықаралық астрономиялық есептеулерге сүйене отырып белгіленген. 2025 жылғы Құрбан айт 6, 7 және 8 маусымға сәйкес келеді. Айттың бірінші күні – 6 маусым, бейсенбі, елімізде ресми демалыс күні болып есептеледі.

Сонымен қатар, ҚМДБ мамандары ай күнтізбесіне негізделген діни мейрам күндері айдың тууы мен көрінуіне қарай өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Яғни, көрсетілген мерзім нақты астрономиялық бақылауларға байланысты бір күнге ілгері не кейін жылжуы ықтимал.

Құрбан айт – мұсылмандар үшін қасиетті әрі маңызды мейрам. Бұл күндері айт намазы оқылып, тұрмысы жеткілікті жандарға құрбандық шалу парыз болып саналады. ҚМДБ ережесіне сай, құрбандықты айт намазынан кейін бастап, үш күн ішінде шалуға болады.

12 мамыр, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.