Атырау, 8 желтоқсан 18:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қуаныш Сұлтанов "Отан" орденімен марапатталды.

215 рет қаралды
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды, деп хабарлайды АқОрда.

Қуаныш Сұлтановтың еңбек жолы:

1967–1978 жылдары – Талдықорған облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, екінші, бірінші хатшы, сондай-ақ Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.

1978–1981 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.

1981–1987 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде мәдениет бөлімі мен ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

1987–1990 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы.

1990–1991 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі.

1991–1993 жылдары – Қазақстан Республикасының Баспа және ақпарат министрі.

1993–1994 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары.

1994–1995 жылдары – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасары.

1995–2001 жылдары – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, сонымен қатар КХДР мен Вьетнамда қоса атқарушы елші.

2001 жылдан 2021 жылға дейін – сенатор, Мәжіліс депутаты болып қызмет етті.

Қуаныш Сұлтановтың жиені – Мұрат Нұртлеу, ҚР Сыртқы істер министрі.


12 мамыр, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.