Атырау, 8 желтоқсан 18:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Forbes Қазақстан журналында ең бай 75 кәсіпкердің тізімі жарияланды

1 149 рет қаралды
Сурет: Forbes Kazakhstan

Миллиардерлердің қатарында табысы ең көп – Тимур Турлов. Оның байлығы бір жылда $2,6 млрд-қа өсіп, $3,3 млрд-тан $5,8 млрд-қа жеткен, деп жазады Nege.kz.

Бұл көрсеткіш рейтинг тарихындағы жылдық өсім бойынша абсолюттік рекорд саналады және Тимур Турловтың көшбасшылар арасындағы орнын өзгертті – енді ол Forbes Қазақстан тізімінде бесінші емес, екінші орында тұр.

Бірінші орында бұрынғысынша Вячеслав Ким тұр. Оның да байлығы айтарлықтай өсіп, $1,3 млрд-қа артты – былтырғы $5,8 млрд-тан биылғы $7,1 млрд-қа жеткен.

Алайда өзгерістер тек миллиардерлер арасында ғана емес. Тек өткен жылы ғана аталмыш тізім топ-50-ден топ-75-ке дейін кеңейтілген болатын, ал биылдың өзінде-ақ өткен жылғы қатысушылардың бір бөлігі рейтингтен шығып қалды – себебі олар жаңадан кірген кәсіпкерлердің капитал көлемінен асып түсе алмады.

«Қазақстрой» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Артықбаев биылғы жылдың қаңтар айында ғана «Қазтелекомның» 9,9% үлесін сатып алды, бұл оның байлығын объективті түрде бағалауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ кеңінен танымал Тұрсынғали Алагөзов былтыр ғана Galanz Bottlers компаниясын ресми түрде өз бақылауына қайтарды, ал биылғы ақпанда бұрынғы «Цесна» корпорациясының активтерін сатып алды.

Рейтингте үздік ондыққа төмендегілер енді:

  1. Вячеслав Ким — $7,1 млрд
  2. Тимур Турлов — $5,8 млрд
  3. Владимир Ким — $5,7 млрд
  4. Тимур Құлыбаев — $5,3 млрд
  5. Динара Құлыбаева — $5,3 млрд
  6. Болат Өтемұратов — $3,7 млрд
  7. Ибрагимовтар отбасы — $2,06 млрд
  8. Нұрлан Смағұлов — $990 млн
  9. Сәрсеновтер отбасы — $980 млн
  10. Айдын Рахымбаев — $967 млн

Толық тізіммен мына сілтемеге өтіп таныса аласыз. 

8 мамыр, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.