Атырау, 8 желтоқсан 18:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

БҚО-да прокурор өзіне өзі қол салды

1 174 рет қаралды

Құқық қорғаушының бұл әрекеті туралы "Мой город" сайты хабарлады.

Қайғылы оқиға 8 мамыр күні түнде Теректі ауылындағы Сұңқар көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Бұл ақпаратты облыс прокуратурасы да растады. 

«2025 жылғы 8 мамырда үйінің ауласында аудан прокуратурасының қызметкері суицид жасады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Прокуратураның мәлімдеуінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді БҚО полиция департаменті жүргізіп жатыр».

"МГ" сайтына жарияланған мәлімет бойынша, қаза тапқан 43 жастағы Теректі ауданының прокуроры, әділет подполковнигі Ғалымбек Мұхитов. 

БҚО прокуратурасының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Мұхитов Ғалымбек Әлібекұлы 1983 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Сайхын ауылында дүниеге келген, білімі жоғары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2006 жылдан бері прокуратура органдарында қызмет еткен. Мұхитовтың артьында әйелі мен екі баласы қалды. 

8 мамыр, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.