Атырау, 8 желтоқсан 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Алматыдағы оқу орнында студенттерге "жақсы қыз" болуды үйреткен

728 рет қаралды
Сурет: Qumash

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бірінші курс студенттеріне қыз бала қандай болуы керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Бұл жайт туралы qumash тілшілері жазған. Университетте 40-50 студент қыз жиналып, оларға "ибалы болу" қажеттігі түсіндірілген. Кейін бірнеше ер адам қыз баланың жүріс-тұрысы туралы айтқан бейнематериал көрсетілген. Видеода қыз бала ашық киінбеуі керек, қатты сөйлемеуі керек, ер адамдарды көргенде бас изеп, сәлем беруі керек деген тезистер айтылған. Сонымен қатар, бейнематериалда еуропалық әйелдердің тым еркін болуының салдарынан ЛГБТ кең тарағаны туралы пікір білдірілген.

Оқу орнының өкілдері бұл кездесудің тәрбиелік бағыттағы шаралардың бірі екенін мәлімдеді.

"Мұндай шаралар Абай Құнанбайұлының тәрбиелік философиясы мен жалпыұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Бұған дейін бұл шаралардың мазмұнына қатысты сын-пікірлер болмаған", – деп жауап берді университет әкімшілігі.

Университет өкілдерінің айтуынша, бұл кездесудің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың мәдени-этикалық санасын көтеру және әдеп нормаларын түсіндіру болған. Алайда, кездесу барысында көрсетілген бейнематериал студенттер арасында пікірталас туғызған. Университет әкімшілігі алдағы уақытта мұндай мазмұндағы материалдарды таңдауда мұқият болатынын мәлімдеді.

"Абай университеті – зайырлы білім беру мекемесі. Біз студенттердің жеке таңдауы мен еркіндігіне, пікір алуандығына құрметпен қараймыз. Университет басшылығы әрқашан студенттермен ашық диалогқа дайын және олардың пікірін ескеруге мүдделі", – деп хабарлады оқу орны өкілдері.

6 мамыр, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.