
Интернетте Smart Coffee франшизасының иесі Евгений Глинскийдің 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларына қатысты пікірі тарады. Алайда кәсіпкер бұл пікірді өзі жазбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды arasha.kz.
Қазақстандағы өзін-өзі қызмет көрсететін Smart Coffee кофеханалары бойкотқа ұшырады. Бұл жағдай әлеуметтік желіде Евгений Глинскийдің атымен тіркелген аккаунттан Қаңтар оқиғалары туралы пікірдің скриншоты жариялануына байланысты болды.
Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында бұл пікірде Қазақстандағы наразылықты басуда ҰҚШҰ-ның (ОДКБ) рөліне сілтеме жасалғанын жазды.
Бұл пікір қазақстандықтардың ашуын туғызды. Пайдаланушылар Smart Coffee кофеханаларына бойкот жариялап, 2ГИС қосымшасында олардың рейтингін төмендетуге шақыруда.
Қазір де қазақстандықтар теріс пікірлер қалдырып, Smart Coffee өнімдерін сатып алмауға үндеп жатыр.
Кәсіпкер бұл пікірді өзі жазбағанын, аккаунтына кибершабуыл жасалғанын айтып, ресми түрде кешірім сұрады. Ол Қазақстан халқына және Қаңтар оқиғаларына құрметпен қарайтынын мәлімдеді.
Smart Coffee – франшиза арқылы жұмыс істейтін өзін-өзі қызмет көрсететін кофеханалар желісі. Қазақстанда осы атаумен тіркелген екі заңды тұлға бар. Қазіргі уақытта компанияның ресми сайты қолжетімсіз.
В Атырау -2