Атырау, 10 маусым 13:53
 дождьВ Атырау +28.9
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Қазақстан шаруаларды 2030 жылға қарай отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етеді

547 рет қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агрохимия саласын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтардың бірі – қазақстандық фермерлерді ішкі өндіріс есебінен тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз ету болып саналатынын айтты.

«Қайта жаңғырту және жаңа жобалар есебінен 2030 жылға дейін жалпы тыңайтқыштар көлемі  4 млн тоннаға дейін ұлғайтылады», — деді министр. 

Сонымен бірге карбамид, калий хлориді және дикальцийфосфат сияқты жаңа тыңайтқыштар түрлерін өндіру жоспарланып отыр. 

5 мамыр 2025, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.