Атырау, 8 желтоқсан 19:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Алматы әуежайында бақылау жүйесінде техникалық ақау шықты

431 рет қаралды
Әлеуметтік желіден алынған сурет

Алматы әуежайында кіруді бақылау жүйесінде техникалық ақау шықты. 5 мамырда таңертең бұл туралы жолаушылар шағым айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Алматы әуежайы 5 мамыр күні жолаушылардың шағымынан кейін ақпарат таратты. Шағымданушылар ішкі рейстер аймағындағы бақылау жүйесінде ақау болғанын айтқан.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі растағандай, ішкі рейстердің келу аймағында бақылау жүйесінде қысқа мерзімді ақау орын алған. Бұл жолаушылар үшін уақытша қолайсыздық тудырды.   

Әуежайдың мәлімдеуінше, қауіпсіздік шараларына сәйкес жолаушылар қайта тексерістен өткен. Ақау тез арада жойылып, рейс кестесіне айтарлықтай әсер етпеген. Кідіріс орташа есеппен 25 минутқа созылды. 

Әуежай әкімшілігі ыңғайсыз жағдай туындағаны үшін кешірім сұрап, қазір әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

5 мамыр, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.