Атырау, 8 желтоқсан 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Алматы облысында тәркіленуге жататын Volvo жүк көлігі тоналып, Mercedes көлігі "жасырылды"

449 рет қаралды
СhatGPT арқылы жасалған сурет

Алматы облысы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде айып тұрағындағы тәркіленуде тұрған мүліктерді тонау фактісі анықталды.  

Атап айтқанда жалпы құны 100 млн теңгеден астам тұратын «Volvo FH» маркалы жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған. Алайда сақтауда тұрған кезде аталған жүк көлігі бөлшектеліп, ұрланған. 

Сонымен қатар, тәркіленуге жататын басқа да мүлікті жасыру фактісі ашылды.  Қылмыстық іс аясында құны 8 млн теңге болатын «Mercedes E350» маркалы көлік күдіктінің әкесіне сақтауға берілген. Кейіннен сот бұл көлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарған.  

Бірақ соттың шешіміне қарамастан, күдіктінің әкесі сақтау міндетін орындаудан бас тартып, көлікті жасырып қойған. 

Анықталған бұзушылықтар туралы сотқа дейінгі тергеу органдарына түпкілікті шешім қабылдау үшін құжаттар жолданды. 

5 мамыр, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.