Атырау, 11 қараша 03:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

"Жылына 50 адам донорлық органды күтіп жатып көз жұмады". "Қырғыз нөмірін таққан көліктер елімізде қанша уақыт жүре алады?". "Қазақ жерінде анклав бар ма?". "Франция Әблязовты неге қамап тастады? Мұхтар Тайжан неге оны қолдамады?".

3 154 просмотра

INFORM.KZ. "Мұсылмандарға «шылым шабуылы» жасалып жатыр" - Осыған байланысты ДСҰ мына екі жағдайға назар аударуға шақырып отыр. Біріншісі - темекі өндірушілер мен ойын-сауық бағдарламаларын ұсынатындардың арасындағы байланысқа тосқауыл қою. Екіншісінде темекі өнімдерінің жарнамасына, демеушілігіне немесе өзге де жолдармен шылым шегуге ынталандыратын шараларға тыйым салу қарастырылған Конвенцияға қол қойған елдерді осы құжаттың 13-ші бабының бұзылмауын жіті қадағалауға үндеп отыр.

"Ғалымдар: Ақырзаманға дейін 87 жыл қалды" - Ғалымдардың болжауынша, алдағы онжылдықта барлық қалалар Әлемдік мұхиттың астында қалып, 100 млн.-нан аса адам суға кетеді, деп хабарлайды РосБалт. Бұл туралы Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың сарапшылары айтады. Әлемдік мұхиттың деңгейі 2100 жылы бір метрге жуық көтеріледі. Зерттеушілердің айтуынша, бұған жаһандық жылыну әсер ететін көрінеді.

AZATTYQ.ORG. "Жылына 50 адам донорлық органды күтіп жатып көз жұмады" - Қазақстанда дене мүшелерін транспланттаумен айналысатын алты клиника бар. Бірақ донорлық органдар жетпейді. Елде жыл сайын 50 адам донорлық органды күте-күте көз жұмады.

"Шетелде сотқа тартылған қазақстандықтар" - «Ұшақта отырған қызға қол тигізді» деп айыпталған Азамат Теңізбаев тамыздың 23-і күні Лондон сотында жауап береді. Соңғы бірнеше жылда шетелде қамалған қазақстандықтар ұрлық, алаяқтық, есірткіге байланысты да сотқа тартылған.

"Журналистің соққыға жығылғаны әртүрлі жорылды" - Ақтөбелік журналист Игорь Ларра облыс басшылығын сынаған мақалалар жазғанын есіне алады. Ал полицияның сөзінше, оқиға журналистің кәсібіне байланысты емес.

AIKYN.KZ. "Қырғыз нөмірін таққан көліктер елімізде қанша уақыт жүре алады?" - Ағымдағы жылдың өткен жеті айында облыс аумағына Кеден одағына мүше емес мемлекеттерден жеке пайдалану үшін заңды түрде 173 жеңіл көлік әкелінген. Олардан түскен кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі – 156 млн 212 мың 719 теңге.

"Курортты аймақтардың болашағы қандай?" - Соңғы кездері курортты-демалыс аймақтарының даңқы мен жылжымайтын мүлік қорларының бәсі жоғары болып тұр. Күнделікті басылымдарда «Дубайда немесе Кемер мен Ыстамбұлда пәтер сатылады» деген жарнамалардан көз сүрінеді.

ALASHAINASY.KZ. "Жайылымдық жерлерді сақтап қалу үшін біртұтас агросаясат жүргізуге не кедергі?.

"Шетелде жүрген отандық ғалымдарды елге қайтару үрдісі неге тоқтап қалды?".

ZHASALASH.KZ. "Қазақстан сотына сенiм жоқ" - Саясаткер Жасарал Қуанышәлин Ақордада “Әблязов фобиясы” бар екенiн айтты.   “Халыққа кiмнiң алаяқ, кiм­нiң қылмыскер екенiн халыққа тайға таңба басқандай етiп көрсету керек. Менiң жеке пiкiрiм, Әблязов ешқандай қылмыскер емес, ол елдiң қалтасындағы бiр тиынға да тиген жоқ. Билiк банкирдiң аяғынан тiк тұрғызған банктi зорлықпен тартып алмаққа бекiндi, ал Әблязов ашық күреске шығып, ақыры елден кетiп тынды”.

"Сегiз жыл бұрынғы қылмыстық iс Рысқалиевтерге қатыстырылып, қайта қаралды" - Атырау облысының бұрынғы әкiмi Бергей Рыс­қалиевтiң қарындасы Гүлжанар Рысқалиева ақ­төбе­лiк кәсiпкер Талғат Қожахметовтi тапсырыспен өлтiрдi деп айыпталуда. Биылғы көктемде Астанадан Бас прокуратура, ҰҚК, IIМ арнайы келген тергеу тобы 8 жыл бұрынғы Қожахметовтiң өлiмiн қайта тер­геудi аяқтап, 8 томдық қылмыстық iстi сотқа тапсырды. Бергей Рысқалиевтiң арақ бизнесiндегi әрiп­­тесi 1969 жылы туылған Тал­ғат Қожахметовтi өлтi­руге тапсырыс берген Гүлжанар Рысқали­ева деп жа­ңа айыптау қорытындысы шығарылды. Қожахметовтiң көзiн құрту үшiн Гүлжанар арақ зауытының бұрынғы күзетшiсi Рахметулла Орынба­евқа 15 мың АҚШ долларын берген көрiнедi.

ZHEBE.COM. "Түркі кеңесінің ІІІ саммиті: үміт пен күдік" - Әдетте  түбі бір түркі  жұртының бірлігі мығым болуы керектігін айтамыз.  «Еуропа одағы, Араб лигасы сынды  халықаралық ұйымдар құрса» дейтініміз тағы бар. Тіпті,  екі тізгін бір шылбыры Ресейдің қолында  кеткен Кедендік одақтың, Шанхай ынтымақтастық ұйымының  құрамында Түркия сынды  түркінің әлеуетті елдері болғанын да  қалайтынымыз бар кейде. Бірақ, бәрібір түбі бір жұрттың  бірлігі біздің көңілдегідей болмай отырғанын ұғынамыз. Дегенмен, ағайын елдер «ақырын жүріп, анық басып» келе жатқан тәрізді. Оған Әзербайжанның Гәбәлә қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттері Ынтымақтастық Кеңесінің ІII саммиті  көзімізді жеткізгендей  болды.

"Қазақ жерінде анклав бар ма?" - Әдетте Қазақстан билігі  қазақ жерін мекен қылған көптеген  этностардың ынтымағын  мақтан қылуды ұнатады. 2000 жылдарға дейін «130 ұлт пен ұлыс бар» делінетін Қазақ елінде  соңғы кездері «140 этнос  тұрады»  дейтін болдық. Тіпті,  күнде айтыла бергендікі ме, етіміз де үйреніп алыпты. Бірақ, кейінгі кездерде елімізде «этникалық анклавтар бар, ел болашағы үшін бұл қауіпті» деген  пікірлер айтылатын болды. Ашығын айтар болсақ, бұл ойландыратын мәселе.

"Тимур Назханов: "Кедендік одаққа, одақ билігіне жағыну емес пе бұл?..." - Иә, тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері «интеграциялық идеяларға қадам басуда–көшбасшымыз» дегенді ұрандатып келеміз. Кедендік одаққа да 3-4 ай дайындалған болдық та, теңізге «күмп» еттік. Қазір қайықта кім, теңізде кім қалды, жағаға кім шықты? Ол жағын ешкім бағамдап жатқан жоқ. «Қытайдың арзанқол тауарына шектеу қоямыз, Ресеймен, Беларуссиямен бірігіп мықты одаққа айналамыз» деген идея қай пұшпаққа жеткізді? 3 жыл бұрын құрылған Кедендік одақ бүгін кімнің асығын алшасынан түсіріп отыр? Сауал көп... Уақыт еншісінен қазағыма не бұйырды осы? Қазақстанның тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов мырзаның айтуынша, үштіктегі қармағымыз 3 жылдан бері олжалы болып көрген емес. Қас қарайғанша отырсаң қарның ашады...

SERKE.ORG. "Молдалар ақталып жатыр" - "Біріншіден, Дүйсен дейтін азамат 2008 жылы Орталық мешітте имамдық қызмет мүлдем атқармаған. Дүйсен күзетші болған. Оның 2011 жылы жұмыстан босатылғанын растаймыз. Екіншіден, 2008 жылы Ж.Боранбаева Орталық мешіттің діни сауат ашу курсында білім алу туралы өтініші қанағаттандырылмағанын хабарлаймыз. Өйткені, азаматшаның іс-әрекеттері, сөз саптауы, өзін ұстауы сауат ашу курсының ішкі тәртібі мен талаптарына сай келмеген".

"Франция Әблязовты неге қамап тастады? Мұхтар Тайжан неге оны қолдамады?" - Францияның полициясы Мұхтар Әблязовты Украинаның сұрауы бойынша қамауға алды. Өкілетті органдардың таратқан мәліметі бойынша, оның Украинаға экстрадиция жасалуы келесі жылдың көктеміне дейін созылады. М.Әблязовтың адвокаттары көп мөлшерде кепіл ақша ұсынғанымен, француз соты оны қамаудан шығармай қойды. Мұнда қандай гәп бар?

EGEMEN.KZ. "Сиырлар да Моцартты... тыңдайды!" - Ауылдықтар үшін таңғаларлықтай көрінетін бұл тәжірибені облыстағы Успен ауданы Галицкое, Шарбақты ауданындағы Александр Поляков басқаратын, Павлодар ауданындағы «Маяк» шаруашылықтары осыдан оншақты жыл бұрын қолға алып, қазір тіпті, берік шаруашылық негізін қалап алды. Моцартты тыңдаса сүтті көп беретін, компьютермен бағылатын, кешен ішінде тұрып жайылым табатын жаңа заманның тап-таза сиырларын көріп мұндай да болады екен-ау деп ойлағанбыз. Енді, міне, Қайрат басқаратын шаруашылыққа келіп өз көзімізбен көріп тұрмыз.

"Қазақстандық құрылыс сапасы немесе «Бесоба синдромының» салқыны" - Қазақстанның тұрғын үй құрылысы сапасын «Бесоба синдромы» кезіп жүр. Қазіргі таңда «құрылыс сапасы», «Бесоба синдромы» деген сөздер синонимға айналған. Қазақстанда құрылыс сапасы неге нашар десе, «Бесоба синдромы» жайлап алған ғой дейді. Ал «Бесоба синдромы» десе, алаяқтық, көзбояу, жауапсыздық, «откат», сыбайластық деген сұмдықтар өріп шығады.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Н.Назарбаевтың түркітілдес елдер арасындағы сауда-саттыққа көңілі толмады" - Әзірбайжанда өткен түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының төртінші саммитінде туыстық байланыс талқыға түскен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Жібек жолы арқылы тарихта қалған түркі халқының бүгінгі басты мақсаты — сол ескі жетістігімізді жаңғырту. Ол үшін төрт мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Еуропаға алып баратын көлік жолын дамытып, сауда-саттықтың көлемін арттыру керек.

"Қазына 70 миллиард теңгеден қағыла ма?" - ҚР Қаржы министрлігі екінші тоқсан бойынша қаржылық қорытындылау есебінде: «Екінші қаржылық тоқсанның қорытындысы бойынша қазына 1,35 триллион теңгеге толықты. Алайда бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 15 пайыз төмен»,— деп көрсетті. Сала мамандарының дерегі бойынша, елімізде корпоративтік табыс салығын төлеу жаппай кешіктірілуде.

JASQAZAQ.KZ. "Оффшормен күресетін ұлттық жоспар қажет" - Соңғы кездері салық саясатына қатысты тың ұсыныс айтып жатырсыздар. «Әлеуметтік үйлесімділік салығын» енгізу туралы бастама тастадыңыздар. Бұл қандай салық?

"Мәңгі ел миссиясы" - Қазақтың миссиясы не? Әрине, ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, адамзаттың дамуы мен ілгерлеуіне барынша әрі қомақты үлес қосып, мәңгілік ел болу. Қазақ миссиясы туралы қоғамда бірнеше мәрте ой айтылды, ұсыныс жасалды. Бірақ осы уақытқа дейін көтерілген идеялар жұртшылыққа кеңінен тарала қойған жоқ. Кеңінен талқыланбады. Әрине, мәселенің ауқымы орасан. Бірді-екілі адамның немесе ұйымның ой-пікірі талқыны, сын тезінен өтуді қажет етеді.

23 тамыз 2013, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.