
Жылыой ауданы Тұрғызба ауылынан адамның бас сүйегі табылған. Бұл жай бойынша әркім әртүрлі пікір айтуда: бірі карьерден топырақ тасыған КаМАЗ көлігі арқылы келді десе, енді бірі тасыған сумен келген дейді.
Үшінші пікір де бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Аққұдық елді мекеніне шығатын жақта зират орналасқан. Көнеден қалған зират ауылдың ішінде қалған, жан-жағында тұрғын үйлер бар.
«Ақ Жайық» аудандық әкімдікке түсініктеме алу үшін жүгінді. Онда бұл ақпарат расталды:
- Сол қорымнан бірнеше рет адам сүйектері шығып, ашылып қалып, жас балалар ауыл ішіне дейін әкелген жағдайлар болды. Ол қорымның шет жақтарында ертеректе көмілген адам мүрделері бар. Құлпытастары жоқ. Одан шығып қалған сүйектерді ауыл әкімі мамандары апарып көміп те жүр. Негізі зират қоршалған. Мамандар ескі зиратқа барып табылған бас сүйегін көміп келді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +3