Атырау, 8 желтоқсан 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

23 мамыр – елдегі барлық мектеп оқушылары үшін соңғы оқу күні

1 105 рет қаралды
Сурет: gov.kz

Қазақстанда дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы соңына жетті. Биыл 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын қорытындыласа, 217 мыңнан астам 11-сынып оқушысы мектеп бітіреді, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Оқу жылының соңғы күні – 23 мамырда барлық мектептерде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл іс-шара оқушылар мен мұғалімдер үшін маңызды сәттерді еске алу, оқу жылын қорытындылау, білімге құштарлық пен патриотизмді нығайту мақсатында ұйымдастырылады.

Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге сәйкес келетіндіктен, 11-сынып бітірушілеріне арналған салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өтеді.

Барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектептен тыс ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыруға жол берілмейтіні еске салынады.

2 мамыр, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.