Атырау, 8 желтоқсан 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Сәуірде шекара қызметі 1400-ден астам заң бұзушылықтың алдын алды

926 рет қаралды

ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылдың сәуір айындағы жұмысының қорытындысын жариялады. Атқарылған іс-қимылдарының нәтижесінде мыңдаған заң бұзушылықты анықталып, ірі экономикалық залалдың келтірілмей, Каспий теңізі акваториясындағы браконьерлік әрекет тоқтатылды.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы сәуірде шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 бұзушы, оның ішінде 3 565 шетелдік азамат жауапқа тартылды.

- Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1 455 фактісінің алды алынды, оның ішінде:

  • 37 факті – есірткі заттары;
  • 92 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;
  • 357 факті – жанар-жағармай материалдары;
  • 793 факті – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
  • 176 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 90 браконьерлік фактінің алды алынды және Қызыл кітапқа енгізілген 617 дана бекіре тұқымдас балық, тоғыз бас каспий итбалығы табиғи мекендеу ортасына жіберілді.  

Заңсыз балық аулар құралдары алынды:

  • 41 дана – жүзу құралдары;
  • 118 км – торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары.

1 млрд 900 млн теңгеге есептелген экологиялық және экономикалық залалдың алды алынды. 

Барлық материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

2 мамыр, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.