Атырау, 16 мамыр 15:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 510.58
€ 571.80
₽ 6.34

​АҚШ-тан келген контрабанда: Алматы тұрғыны 16 жылға сотталды

632 просмотра
ChatGPT арқылы жасалған сурет

Алматы тұрғыны халықаралық пошта арқылы АҚШ-тан есірткі жеткізу арнасын ашпақ болғаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Зат тұрмыстық бұйымдар ретінде жасырылған.

Ақмола көлік прокуратурасы және Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасының аумағына есірткі құралдарын, оның ішінде халықаралық почта жөнелтімдері арқылы әкелуге жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауда.
 
Нәтижесінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық почта жөнелтімдері арқылы тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі заттары түскені анықталды. "Қазпошта" АҚ Кедендік бақылау аймағында Астана қаласында 1,2 кг гашиш майы тәркіленді. Сонымен қатар, айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды.
 
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

30 сәуір, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.