
Әскерде жүріп жансақтау бөліміне түскен Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы жайлы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады, деп жазады NEGE.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова:
«Ербаян Мұхтардың жағдайын денсаулық сақтау министрлігі бақылап отыр. Ербаянның ата-анасымен өзім кездестім. Жағдайы тұрақты. 16 медициналық қызметті қосымша алу қажеттілігіне байланысты Ұлттық медициналық орталығына күні кеше жатқыздық. Қасында әкесі бар. Тиісті көмекті сырқатына байланысты алып жатыр, – деді.
Оның айтуынша, Ербаянның диагнозы өте қиын. Жарақатпен бірге денесіне инфеккция да түскен.
Тиісті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр. Түркияға барып келді. Өзіміз де қосымша қарап жатырмыз. Қажет болса Түркияда немесе басқа мемлекетте ем-домын ұйымдастыру мәселесін ата-анасымен талқыладық. Қазақстанда емделуге келісімдерін берді. Алдын ала болжам жасамай-ақ, көмектің алып жатқанын айтқым келеді, – деді ол.
Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар басынан соққы алып, ауыр жарақаттың кесірінен төсекке таңылып, сал болып қалған еді. Осы жағдайдан кейін Қазақстан халқы Ербаянның еміне жылу жинады. Соның арқасында сарбаз Түркияға аттанып, ота жасатып қайтты.