
Қазақстанда 30 сәуірде теледидар мен радиода хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Үздіксіз әрі сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
"Осыған байланысты, 2025 жылғы 30 сәуірде (сағ. 03:00-ден 17:00-ге дейін) телерадио хабарларын таратуды өшіріп, кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз", – делінген ресми хабарламада.
Жұмыстар бүкіл ел аумағындағы техникалық құралдарды қамтиды.
Қазақстан тұрғындары уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырылады.
Барлық сұрақтар бойынша: 193 (мобильді телефоннан тегін), +7 (727) 2 581 500 8 8000 800 193 телефондарына байланысуға болады.
Бұл жоспарлы іс-шара болғандықтан, ол ешқандай апатты жағдайлармен немесе сыртқы факторлармен байланысты емес. Хабар тарату барлық техникалық процедуралар аяқталғаннан кейін қайта іске қосылады.