Атырау, 17 мамыр 14:40
 ашықВ Атырау +20
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30

Атырау облысында бактериялық аурулармен 51 науқас тіркелген

948 просмотра

Атырау облыстық инфекциялық ауруханасында бактериялық аурулармен ауырып жатқан 51 науқастың басым бөлігі - балалар. Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы жұқпалы ішек аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Жантөре ОРЫСБАЕВАНЫҢ мәліметінше, балалардың жалпы жағдайы тұрақты. Дегенмен бұл мәселе көбіне ата-аналардың балаларға тазалықтың маңызын түсіндірмеуінен туындайды.

- Балалар ауруханаға көбіне көбіне құсу, іші өту белгілерімен келеді. Аурудың негізгі көзі тамақ және лас қол. Жіті ішек инфекциялары соңғы кезде жылдың кез келген мезгілінде кездеседі. Бактериялық инфекциямен сырқаттану жағдайлары әсіресе жазғы мезгілде арта түседі. Сондықтан тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалануды әдет қылған жөн. Ал үйді, ауланы таза ұстау – басты қағида.  Осының бәрін балаларға да ерте жастан үйретіп, түсіндірген жөн, - дейді Жантөре Орысбаева.

Дәрігердің айтуынша, балалар ішек инфекциясынан 5-15 күн арасында емделіп шығады.

Сондай-ақ дәрігер дерттің белгісіне дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, іштің өтуі жататынын, мұндай жағдайға тап болғанда медициналық көмекке дерек жүгіну керектігін атап өтті.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

25 сәуір, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.