Атырау, 23 желтоқсан 23:44
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жұмысқа орналасу жәрмеңкесі

3 754 просмотра

Атырау мұнай және газ институтында түлектердің дәстүрге айналған жәрмеңкесі болып өтті. Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, болашақ жас мамандардан басқа мұндай шараларға кадрлардың жөнін білетін жұмыс берушілер де белсенді қатысады.

Биылғы институтты 27 мамандық бойынша шамамен 700-дей студент бітіреді. Олардың көпшілігі жәрмеңкеде болды. Ал болашақ жұмыс берушілер ретінде оған ірі мұнай компанияларының, өндірістік кәсіпорындардың, банктердің өкілдері қатысты.

– Мұндай жәрмеңкелерді бес жылдан бері әр оқу жылының аяғында ұйымдастырамыз, - дейді АМжГИ-ның оқудан тыс жұмыс жөніндегі проректоры Дина ДИАРОВА. - Әдетте, біршама уақыттан бері жұмысқа орналастыру тұрғысында бірге жұмыс жасап келе жатқан компанияларға шақыртулар жібереміз. Бізге жас мамандар үшін келетін кәсіпорындардың саны жыл сайын өсуде. Бұл, әрине, студенттер үшін бірден жақсы жұмыс табудың бірден-бір мүмкіндігі. Ресми бөлімнен кейін студенттер компания өкілдері отырған үстелдерге барып, өз түйіндемелерін ұсынады. Олардың кейбіреуін таяу болашақта әңгімелесуге шақырады. Бәлкім, тіпті, жұмыс ұсынулары да мүмкін.

Тамара СУХОМЛИНОВА

20 сәуір 2011, 19:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.