Атырау, 23 желтоқсан 21:51
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бір абзацпен

2 831 просмотра

14-сәуірде облыс аумағында болған дауылды жел бірқатар нысандардың шатырларын ұшырып кетті. Төтенше жағдайлар департаменті қаладағы №43 «Арман» балабақшасының шатырын (150 шаршы метр) жұлып кеткендігін хабарлады. Ал, Исатай ауданының Исатай, Забурын және Жанбай селоларында   бірнеше мектептердің, балабақшалар мен селолық клубтар, сондай-ақ, жеке тұрғын үйлердің шатырлары  ішінара жапа шекті. Электр энергиясы ажыратылып қалды, зардап шеккендер мен кісі өлімі болған жоқ.

 

Облыс орталығында жасырын жұмыс істеп тұрған балық цехы анықталды.ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ысталған бекіре мен қортпаны дайындайтын цех жеке үйлердің бірінде жабдықталған болып шықты. Бұл жерден балық тұздайтын ыдыс, қолдан жасалған балық ыстайтын құралды, тұз салынған қаптарды тапқан. 112 кг жаңадан ауланған қызыл балық, 40 келідей ыдыста тұздалып тұрған және 20 келідей ысталып дайын болған балықтар тәркіленді. Жасырын цех иесі ешқайда шықпау жөніндегі қолхат арқылы бостандыққа жіберілді. Балықты  жеткізушілердің кім екендіктері  анықталуда.

20 сәуір 2011, 19:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.