Атырау, 23 сәуір 1803
 ашықВ Атырау +17
$ 518.07
€ 595.21
₽ 6.37

Тоқаев Chevron басшысымен келіссөздер жүргізді: инвестициялар мен мұнай-газ саласын дамыту мәселелері талқыланды

395 просмотра

Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен америкалық Chevron энергетикалық корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы стратегиялық әріптестіктің қазіргі ахуалы мен перспективасын талқылады.

Мемлекет басшысы Chevron компаниясымен серіктестік еліміздегі энергетика саласын тұрақты дамытуда негізгі рөл атқаратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Уиртті «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасының табысты аяқталуымен құттықтады.

Кездесуде ірі инвестициялық жобаларға, соның ішінде газ және мұнай химиясы өндірісіне ерекше назар аударылды.

Президент отандық компаниялардың мұнай-газ секторындағы үлесін арттырудың өзектілігін атап өтіп, Chevron компаниясымен өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екеніне тоқталды.

Майкл Уирт Қазақстан компанияның стратегиялық әрі сенімді серіктесі болып қала беретінін жеткізді. Сондай-ақ «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны 1993 жылдан 2024 жылға дейін елімізге айтарлықтай инвестиция салғанын айтты.

14 сәуір, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.