
Қыс Ресейдің басты өзені Еділдің тайыздануы секілді салдарын алып келді. Негізгі кеме жолы жағадан бірнеше метр алысқа жылжыды. Су болған жер қазір құмды жерлерге айналған, деп жазады 76.ru.
Ресейдегі ең ірі өзендердің бірі Каспий теңізіне құяды. Еділ тайыздай берсе, оның жағдайы не болмақ?
И. Д. Папанин атындағы Ресей ғылым академиясының Ішкі су биологиясы институтының Гидрология және гидрохимия зертханасының ғылыми қызметкері Александр Цветковтың мәліметінше, Еділ суы Каспий теңізіне құйылғанға дейін бірнеше су қоймалары арқылы өтеді.
«Каспий теңізіне жету үшін олар әлі де ағуы керек. Еділ-Кама су қоймаларының каскадында ең үлкен екі су қоймасы бар: Рыбинск және Куйбышев. Олар көптеген функцияларды атқарады, атап айтқанда Чебоксары су қоймасында кеме қатынасын қамтамасыз ету үшін су жинағыш ретінде қызмет етеді. Себебі ол жобалық деңгейге жетпеген. Сондай-ақ Волгоградтан кейінгі Төменгі Еділде, себебі онда да атыраудың тайыздауы және оған құмның толуы байқалады», — деп түсіндірді Александр Цветков.
Еділмен байланысты маңызды нысандардың бірі - Донға баратын кеме каналы. Онда да көп су жоқ, дейді ғалым. Ғалымның айтуынша, жағдайды су қоймалары реттейді.
«Сондықтан Каспийге су жетеді немесе жетпейді деп айту өте қиын», – деп атап өтті ғалым.
Сонымен, теңізде жағдай қалай болмақ? Еділ – Каспийге құятын жалғыз өзен емес. Оған жүзден астам ірі және кіші өзендер ағып келеді. Олардың ішінде бірнеше ірі өзендерді атап өткен жөн. Олардың бірі – Жайық өзені. Ол өз бастауын Уралтау жотасының бір шыңынан алады.
Жайық өзені Еділдің тайыздануының проблемасын аздап жеңілдетеді. Соңғы уақытта оның бассейні керісінше белсенді түрде толығып жатыр.
"Әрине, Еділден толыққандай болмайды. Бірақ, негізінен, ол өз суын әкеледі. Сонымен қатар, Еділ-Кама каскадының бойында Кама бар, бұл туралы да ұмытпау керек. Гидромет орталығының болжамы бойынша, Камада 20 наурызда қардың 60 пайызға жуығы қалған", - дейді Александр Цветков.
Яғни, Каспий теңізінің Еділден басқа да бірнеше салалары бар. Оның тартылу қаупі жоқ.
Ал, мамандар Еділдің тайыздануына алаңдаулы. Тіпті, кейбіреулері ауа райынан бөлек судың таяз болуына ГЭС каскады себеп болған деп есептейді. Басқалары станциялар, керісінше, жағдайды реттейді дейді.
В Атырау +4