Атырау, 24 желтоқсан 00:38
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Параға жол бермес үшін

4 004 просмотра

Ғаламтор желісіндегі казнетте пара алушы оқытушыларды әшкерелеуге шақырған атышулы Взяточник.infoжобасын жасаушылар Госоткат.infoдеп аталатын жаңа жобаны іске қосыпты. Жоба жасаушылардың пікірінше, ол параға қатысты тағы бір маңызды проблемаға назар аудартуы тиіс.

– Қазіргі кезде біз пара беру арқылы өткізілген немесе алдағы уақытта берілуі мүмкін мемлекеттік сатып алулар жөніндегі дерек қорларды жасақтауды жоспарлап отырмыз. Алайда бізге жеке заңгерлердің көмегі қажет. Олар күмәнді мемлекеттік сатып алулардың алдын алу үшін ресми органдарға арыз жазар еді, - дейді жобаның басты бастамашысы Mr. INCOGNITO.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі өз үлесін мемлекеттік сатып алулар өткізілетін белгілі бір салада түсінігі бар кез-келген ниет білдіруші қоса алады. www.gosotkat.kz сайтының оң жақ бөлігінде www.goszakup.gov.kz электронды порталынан алынған мемлекеттік сатып алулар санаттары бар. Онда оғаш боп көрінген (бағалары жоғары, үлкен жұмыс көлемі үшін өте аз мерзім және т.б.) конкурстарды қарау ұсынылады. Содан соң www.gosotkat.kz  сайтындағы форманың көмегімен тиісті ресми органдарға арыз жазып, олардың назарын күмәнді мемлекеттік сатып алуларға аудару керек.

Қазақстандық жобаны жасаушылар ресейлік РосПил.info сайтын керемет мысал ретінде келтіреді. Ол мемлекеттік сатып алулардағы ақшаны жымқыру проблемасымен анағұрлым табысты күреседі. Ресейлік жобаны жасаушылар мен оған қатысушылар 417 980 000 рубльдік сомадағы айла-шарғыларды анықтап, 337 540 000 рубльдік сомадағы айла-шарғыларға тосқауыл болған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

20 сәуір 2011, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.