
Облыста алғаш рет мозаикалық хондропластика — яғни науқастың өз шеміршек және сүйек тіндерін пайдалана отырып тізе буынын қалпына келтіру отасы сәтті өтті. Бұл бұрын-соңды біздің өңірде жасалмаған күрделі әрі жоғары технологиялы ота, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл әдіс тізе буынындағы ауыр жарақаттар мен шеміршек зақымдарын емдеудің тиімді жолы саналады. Ота кезінде дәрігерлер науқастың денесінен арнайы цилиндр пішініндегі шеміршек пен сүйек бөліктерін алып, зақымданған жерге дәл орналастырады. Нәтижесінде буын бетін қалпына келтіріп, оның табиғи қимылын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Осылайша, шеміршек беті “мозаика” секілді жиналады.
Бұл — өте нәзік, дәлдікті талап ететін жоғары кәсіби шеберліктің көрінісі. Атыраулық дәрігерлер бұл отаны сәтті орындап, медицинадағы тағы бір жаңа белесті бағындырды.