Атырау, 11 сәуір 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +7
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Қазақстандық ғалымдар жолдың шөгуіне қарсы технология жасап шығарды: алғашқы сынақтар жүргізілуде

518 просмотра

Қазақстандық ғалымдар жолдың шөгуіне қарсы тұрақтандырғыш қоспа QSmart–S жасап шықты, деп хабарлады Информбюро ҚазжолҒЗИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта инновациялық материал Атырау облысындағы Мұқыр – Құлсары жол учаскесінде қолданылып жатыр. Оның басты мақсаты – әлсіз және тұрақсыз топырақты нығайту, бұл жол жабынының деформациясы мен бұзылуының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұған дейін QSmart–S Қазақстанның түрлі климаттық аймақтарындағы екі нысанда сынақтан сәтті өткен.

Институт өкілдері әр қоспаның құрамы топырақ түріне және аймаққа байланысты жеке таңдалатынын атап өтті.

«Атырау облысында аралас типтегі топырақтар – сор, саз, құм кездесетінін ескере отырып, жұмыстарды бастамас бұрын үш ай бойы химиялық талдаулар мен зертханалық зерттеулер жүргіздік», – деді ҚазжолҒЗИ жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар департаментінің директоры Мейрамгүл Қабдығалиева.

QSmart–S қоспасы жол саласы үшін оннан астам инновациялық шешімдерді қамтитын отандық ғылыми әзірлемелердің QSmart желісіне кіреді.

3 сәуір, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16