Атырау, 8 сәуір 1230
 ашықВ Атырау +24
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

​Атырау университетінде аутизм тақырыбында форум өтті

Бейнежазба
408 просмотра
Видеодан жасалған скриншот

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Аутист балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеудің әдіс-тәсілдері” атты аймақтық форум өтті. Жиынға білім және денсаулық сақтау саласының мамандары, педагогтар, психологтар, дефектологтар, логопедтер, қоғамдық ұйым өкілдері және ата-аналар қатысты-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті орталығында 78 бала түзету-дамыту бағдарламасынан өтуде , биылғы оқу жылы аяқталғанша 300-ге тарта балаға тегін қолдау көрсетілмек.

Видеодан жасалған скриншот

Дефектолог маман Жанар Бекжанованың айтуынша, ата-ана баласында аутизм белгілерін ерте анықтау үшін арнайы тексерулер мен бағалаулар жүргізілуі тиіс.

- Егер сәбиіңіз тоқтаусыз жыласа, оны жұбату қиынға болса немесе 2-3 айлық кезінде ата-анасына қарап күлімсіреу сияқты эмоциялық реакциялар байқалмаса, ерекше назар аудару қажет. Мұндай белгілер баланың жайсыздығын немесе дамудағы ақау бар екені көрсетуі мүмкін. Сондықтан міндетті түрде педиатр немесе балалар неврологы сияқты мамандарға жүгіну ұсынылады, - деді дефектолог.

Форум барысында АВА-терапия, TEACCH әдісі, PECS жүйесі, топтық терапия, сенсорлық интеграция сияқты ғылыми дәлелденген әдістердің тиімділігі қарастырылды.

3 сәуір, 08:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.