Атырау, 18 желтоқсан 23:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Министр Жұмағұлов плагиат па?» ,“Қытайдың төрi – Атаңның көрi!” ,«Қазақтың намысы – өзгенің табысы», «Кәмпит үлестіріп, темекісін алды», «Жастарымыз жалқау ғана емес, есепшіл болып бара жатқан жоқ па?»

2 683 просмотра

ZHASALASH.KZ.«Министр Жұмағұлов плагиат па?» - Көнiмпаз халықпыз ғой, бәрiне де көнiп жатырмыз, әйтеуiр. Әкiмiмiз– алаяқ, ұлығымыз– ұры, депутатымыз М.Шахановайтпақшы, “жепутат” болыпшығыпжатыр.Кеше “INSIDERMAN” интернет-басылымында “Министр Жумагулов подозревается в масштабном и беспринципном пла­гиате” атты материал жарық көрдi. Автордың (А.Құдайқұлов) айтуынша, Қазақстанның Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов өзiнiң 1997 жылы қорғаған докторлық диссертациясын түгелге жуық өзге ғалымдардың еңбектерiнен ұрлап ал­ған.

“Қытайдың төрi – Атаңның көрi!” - “Жас Алаштың” өткен нөмiрiнде Қытай мәселесiне қатысты талдау мақала жарияланды (“Қара қытай қаптаса...”, №63, 14 тамыз). Осы мақаладан кейiн редакциямызға хабарласып, өз пiкiрiн айтқандар көп болды. Маңғыстау облысынан телефон соққан тұрақты оқырманымыз К.Асылбек былай дейдi: “Қытай астыртын экспансиясымен жан-жағымызды қусырып, қысып барады. Билiктегi­лердiң не себептi басын құмға тыққан түйеқұс сияқты боп отырғанын түсiнетiн деймiн. Қаш­қын оли­гарх­тардың кейбiр сөзiнде жан бардай. Олар “президент Н.Назарбаев пен оның төңiре­гiндегi­лердiң Қытай банкте­рiнде жасырулы жатқан миллиардтары бар” деген. Егер рас болса, Қытай мұны бiлмейдi емес, олардың бiл­мейтiнi жетi қат жердiң астында.

AIKYN.KZ.«Қазақтың намысы – өзгенің табысы» - Қазақ – тойшыл халық. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. «Той десе қу бас домалайды» дегенді бұрын­ғылардың өзі айтқан. Қазір нағыз тойдың маусымы. Көбі Рамазан айын аман-есен өткізіп, тойдың қамына кірісіп те кетті.  Бір қызығы, көп қазақ той шығынын жобалап болса да алдын ала есептемейді.

«Кәмпит үлестіріп, темекісін алды» - Темекі – жау. Бірақ мұны біз сезініп отырмыз ба? Парламент арнайы заң қабылдап, темекі қорабының сыртына неше түрлі сырқат туғызатын суреттерді жариялап, алдын алып жатса да шылымқорлардың саны азаятын емес. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақ­станда әрбір үшінші азамат темекі шегеді. Олардың ішінде әрбір оныншы адам шылымның салдарынан болатын тыныс жолдары, демікпе мен өкпенің түрлі ауруларына шалдыққан. Бірақ көк түтіннің зардабын біле тұра оны қоймай соратындардың саны артып барады. Ал әлемдік статистиканың мә­ліметтері бойынша, темекі шегетін­дердің 82 пайызы өкпе ауруына душар болады. Қазақстанда қанша адам көк түтінге әуес? Төрт жыл сайын темекі шегушілерге қатысты дерек жиналып жасалады. Талдау көрсеткеніндей, 4 жыл аралығында шылымға әуестенгендердің саны 4 па­йызға өсіп отырады екен. Темекі эпиде­миясы үшін бұл аса жоғары алаңдатарлық мәселе. Қазір Қазақстанда 4,2 миллион адам темекі шегетін көрінеді. 

ALASHAINASY.KZ.«Жастарымыз жалқау ғана емес, есепшіл болып бара жатқан жоқ па?» -  Сонымен, жастар күні де өтті. Тойладық. Сосын, ойладық. Болашағынан жарқын жетістік күткен ел жастарынан жақсылық аямайтыны жайлы. Рас, елімізде жастардың, жас отбасылардың жақсы өмір сүрулері үшін жасалып жатқан жағдайлар жеткілікті. Мемлекеттік бағдарламалар да аз емес. Облыс әкімдіктері жанынан құрылған жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалардың жұмысы да жансыз дей алмаймыз. Солай бола тұра, жастар арасындағы жұмыссыздық, қылмыс, жаман әдет, әлеуметтік мәселелер әлі де бар. Бұл «Үкімет істесін, тауып берсін, алып берсін» деген ниеттегі масылдық психологияға әбден бой үйретіп алғандық па, әлде бүгінгі ұрпақтың нарық талабына сай еңбек етуге қауқары жоқ әлсіздіктен бе? Есірткіге елітіп, біреудің адал ақшасына қол сұққан ұлымыз бен жеңіл жүрістің соңына түскен қызымызды жақсы адам болмасын деп тәрбиеледік пе? Қай жерден қателік жіберіп алдық? Ойланатын бір сауал – осы.

AZZATYQ.ORG. "Шалқардың құмында «табиғи ем маусымы» аяқталды" - Ақтөбе облысындағы Шалқар мен Ойыл аудандарының тұрғындары шілде-тамыз айларында «құмға түсіп», өз беттерінше ем қабылдайды. Бұл аймақта «құмға түсудің» өзіндік дәстүрі бар.

19 тамыз 2013, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.