
18 наурыздан бастап Қызылқоға, Жылыой ауданында ТЖМ құтқарушылары мен әскери қызметкерлері жалпы саны 163 адам ЖАО, ІІМ Ұлттық ұлан әскерлерімен бірігіп су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Су басуы ықтимал барлық елді-мекендерде ТЖМ күштері мен құралдары орналастырылды және тәулік бойы мониторинг жасалуда.
Қызылқоға ауданындағы ауыл іргесіндегі «Кенен» көпірі маңында ТЖД командалық-штабтық машинасы 24/7 режимінде бақылау жүргізуде. Сонымен қатар, өзен жағалауын бекіту жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күні Департамент қызметкерлерімен 8800 қап төселіп, жалпы саны 14950 қапқа құм толтырылып дайындалды.
Жылыой ауданындағы Жем өзенінің бойы 6 бекетке бөлінді және қазіргі уақытпен инертті материалдары бар 57 700 қап төселді және бөгеттерде бетон плиталар орнатылуда.
Атырау облысында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және қатаң бақылауда.