Атырау, 11 желтоқсан 14:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Декларацияны мерзімінде толтырмаған

2 658 просмотра

«СК Граско» ЖШС Ресейден Атырау қаласына уақытша әкелу режимінде жүктемелік кедендік декларация бойынша кедендік құны 35214,29 рубль тұратын (179593 теңге) центратор мен кедендік құны 124285,71 рубль тұратын (633857 теңге) контейнер типтес тұрмыстық тіркеме (жилой вагон) әкелген болатын. Осы тауарлардың жалпы кедендік құны – 159500 рубль (813450 теңге) болса, ал кері шығару мерзімі 15-қаңтарға дейін еді.

Алайда, «СК Граско» ЖШС уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін тауарды шекарадан шығармаған және көрсетілген декларацияны мерзімінде толтырмаған.

Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Жайық ИМАНБАЕВТЫҢайтуынша, аталмыш мекеме өкілі Р.Шманов мекеме кінәсін мойындап, қаңтардың 1-і мен 10-ы күні Ресейде мейрам күндері болуына байланысты тауарды кері шығаруға қажетті құжаттарды өз уақытында дайындап үлгермеген.  

Ақпанның 8-і күні Атырау қалалық соты «СК Граско» ЖШС-не ҚР ӘҚБтК-нің 421 бабының 1-бөлімімен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45 360 теңге сомасында әкімшілік айыппұл төлеуге шешім шығарды.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

14 сәуір 2011, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.