Атырау, 31 наурыз 14:28
 ашықВ Атырау +18
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Каспий теңізі арқылы жолаушылар ағыны артты

514 просмотра
Сурет: asco.az

Өткен жылы «Әзербайжанның Каспий теңізі кеме шаруашылығы» ЖАҚ (АSКО) паромдарымен тасымалданған жолаушылар саны 20 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат АSКО баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл паромдар 28 392 жолаушыны тасымалдады, бұл 2023 жылғы 23 729 жолаушыдан 20%-ға жоғары. 

Оның ішінде 9746 жолаушы Құрық-Алят, 1220-сі — Түрікменбашы-Алят, 14834 адам — Алят-Құрық, 2552 адам — Алят-Түркіменбашы бағытын пайдаланған.

Ал 2023 жылы Құрық-Алят бағыты бойынша 8361 жолаушы, Түрікменбашы-Алят бағытымен 485 адам, Алят-Құрық бағытымен 13191 адам, Алят-Түркменбашы бағытымен 1393 адам, Ақтау-Алят бағытымен 144 адам, Алят-Ақтау бағытымен — 155 жолаушы аттанды.

Еске сала кетсек, карантиндік шектеулерге байланысты елден пароммен кеткісі келетін Әзербайжан азаматтары алдымен Министрлер кабинеті жанындағы Жедел штабтан арнайы рұқсат алуы тиіс. 

Шетел мемлекеттерінің азаматтары елден шыққан кезде бұл рұқсатты талап етпейді. Дегенмен, пароммен елге келетін Әзербайжан азаматтары мен шетелдіктердің барлығы бірдей рұқсат алуы керек.

Бұған дейін ASCO қаңтар айында жүк тасымалы көлемін арттырғаны туралы хабарланған болатын. Осылайша, ЖАҚ деректері бойынша құрғақ жүктерді тасымалдау көлемі 200,65%-ға, вагондар — 2,76%-ға, жүк көліктері — 38,88%-ға артса, танкерлік тасымалдау 9,38%-ға өсті.

Көлік мәселелері жөніндегі сарапшы Рауф Агамирзаевтің айтуынша, ұсынылған көрсеткіштер теңіз арқылы жүк тасымалдау көлемінің артқанын көрсетіп отыр. 

— Соңғы жылдары ASCO қызметі Каспий теңізінен тыс жерлерде де кеңейді. ЖАҚ флотын белсенді түрде жаңартып, тиімділігін арттырып келеді. Шығыс-Батыс дәлізі бойымен Түрікменстан мен Қазақстаннан жүк және дөңгелекті көліктердің тасымалы артты, — деп хабарлады сарапшы.

18 ақпан, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16