Атырау, 10 қазан 15:47
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Күнкөріс қоржынын қайта қарау керек

6 113 просмотра

Атырау облысындағы төменгі күнкөріс минимумы биылғы жылдың наурызында 17 158 теңге құрады, деп есептейді Атырау облыстық статистика департаментінде. Ақпан айында ол 16 555 теңге құраған еді. Біз шағын мониторинг өткізіп, азық-түлік себетіндегі негізгі азық-түліктердің нақты құны күнкөріс минимумынан төрттен бір есеге жоғары деген тұжырымға келдік.

Статистиктердің мәліметін әшкерелегісі келетіндер тек «АЖ» журналистері ғана емес. Мемлекеттік минимум бойынша өмір сүру жөніндегі мұндай тәжірибелерді түрлі басылымдардағы әріптестеріміз, сондай-ақ блоггерлер де әлсін-әлі өткізіп тұрады. Бір аптадан артық шыдамдылық танытатындар кемде-кем. Бір ай бойына екі келі ет, 250 граммнан аспайтын салмақтағы бір кесек шұжық, 190 грамм сүтсірне, 170 грамм қарақұмық пен күріш, 370 грамм макарон және тағы басқа осында тамақпен қалай өмір сүруге болады? Кез-келген осындай тәжірибенің нәтижесі бірдей: «Олардың өздерін (шенеуніктерді) осы минимумға отырғызар ма еді!» деген көкейде ой қалады.

Жалпы, тәжірибе арқылы күнкөріс минимумымен өмір сүру мүмкін еместігі әлденеше рет дәлелденді. Ендеше ол не үшін қажет? Статистика түсіндіргендей, күнкөріс минимумы керек екен. Ол:

- халықтың тіршілік деңгейін бағалауға және кедейшілік шегін анықтауға;

- әлеуметтік саясаттың бағытын анықтауға және халыққа әлеуметтік қолдау көрсету шарасын жүзеге асыруға;

- айлық еңбекақы мөлшерінің төменгі мөлшерін, зейнетақының төменгі мөлшерін және негізгі әлеуметтік төлемді анықтауға негіз болады. 

Әр елде күнкөріс минимумы әрқалай есептеледі. Қазақстанда ол азық-түлік себетінің төменгі құнынан және қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге кететін төменгі шығындар үлестерінен алынып есептеледі. Біздің күнкөріс минимумымыз 60 пайыз азық-түлік себетінен және 40 пайыз азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерден тұрады. Ақшалай арақатынас бойынша – тиісінше 10 295 теңге мен 6 863 теңге. Азық-түлік себетінің көлемі азық-түлік тұтынудың физиологиялық ғылыми негізделген нормалары бойынша есептеледі. Ол Денсаулық сақтау министрлігінде бекітіледі. Оған 40-тан аса азық-түліктердің түрі кіреді. Азық-түлік емес бөлігіне коммуналдық қызметтер, көлік, киімдер, аяқ киім, дәрі-дәрмек, гигиена құралдары кіреді.

 

АСТАНАЛЫҚ АРМАНШЫЛДАР

Статистикалық агенттіктен қазақстандықтар үшін бір жылға арналған негізгі азық-түлік тұтынудың төменгі нормалары туралы мәліметтерді алған біз, аштан өлмес үшін мемлекеттің пікірінше ай сайын қанша тамақ ішуге тиіс екендігімізді есептеп шығардық. Содан кейін қаладағы базарлар мен дүкендерді аралап, атыраулықтарға азық-түлік себеті нақты қаншаға шығатынын анықтадық. (Нормалар мен олардың бағалары бойынша барлық мәліметтер кестеде келтірілген). Мұның нәтижесі көңіл көншітерлік болмады. 10 295 теңгеден тұратын азық-түлік себетінен асырмау мүмкін емес. Іс жүзінде айлық норма 13 055,31 теңгеге шығады. 2 760 теңге айырмашылық көп емес сияқты көрінеді. Бірақ нан мен майдың әр граммы алтынға баланған азық-түлік себетінің күлкілі нормаларын ескерсек, бұл әжептәуір айырмашылық. Сондықтан минимумның шегімен өмір сүру өте қиын.

Біз бұл жолы күнкөріс минимумының азық-түлік емес бөлігіне тиіскен жоқпыз. Оны да бекітілген лимитпен сәйкес келмейді деп жорамалдап отырмыз. Осылайша, іс жүзінде статистикалық есептемелерде кедейшілік шегінде деп белгіленген азаматтар анағұрлым көп мөлшерде болуы мүмкін. Ал зейнеткерге зейнетақымен күн көру қияли елес ғана.  

 

АҒЫЛШЫНДАР ДҰРЫС ТӘСІЛ ТАҢДАҒАН

2010-жылдың желтоқсанында Қазақстандағы күнкөріс минимумы 93 АҚШ долларын, Грузияда – 68,87, Әзірбайжанда – 109,15, Литвада – 310,43, Латвияда – 295,49, Украинада – 106,47, Ресейде – 179, АҚШ-та – 700, Ұлыбританияда – 1 100 АҚШ долларын  құрады.

Күнкөріс минимумы жоғары Ұлыбританияда жыл сайын төменгі жалақы мөлшері 507 баға мен тарифтерден тұратын тұтыну себетінің негізінде есептелетін баға индексіне байланысты шығарылады. Ағылшындардың күнкөріс минимумы - ел бойынша орташа жалақының 50 пайызынан аз мөлшерді құрайтын табыс боп саналады. Осылайша, мемлекет бір адамның неше картоп жейтінін санаудың орнына нақты бағаны зерттейді. Соның негізінде төменгі еңбекақы мен қалған төлемдер өзгереді. Содан соң ғана ағылшындардың қайсысы кедей деп есептелуі мүмкін екендігін анықтайды.

Ағылшындардың орнына «қазақстандықтар» деп жазғың-ақ келеді, бірақ олай болмайтыны өкінішті-ақ.

Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА

ҚР халқы үшін негізгі азық-түлікті тұтынудың төменгі мөлшері

(Азық-түлік себетінің құрылымы)

Азық-түлік

Тұтыну нормасы, жылына(кг)

Тұтыну нормасы, айына(кг)

Азық-түлік бағасыкг, л, дана

(тг)

Айлық норма бағасы

(тг)

Құнарланды-рылған бидай ұны,1-сұрып

13

1,08

135

145,80

Құнарланды-рылған бидай ұнынан пісірілген нан,  1-сұрып

70,7

5,89

80

471,20

Бидай-қара бидай наны

31

2,58

130

335,40

Қара бидай наны

4,8

0,40

140

56,00

Макаронөнімдері

4,4

0,37

150

55,50

Күріш

8,5

0,71

160

113,60

Қарақұмық

2

0,17

1 000

170

Сұлы жармасы

2

0,17

182

30,94

Крупа манная

2

0,17

157

26,69

Асбұршақ 

2

0,17

130

22,10

Картоп

95

7,92

135

1 069,20

Ақбас орамжапырақ

25

2,08

200

416

Сәбіз

20

1,67

260

434,20

Жуа

20

1,67

130

217,10

Қызанақ

5

0,42

370

155,40

Қияр

5

0,42

370

155,40

Қызылша

5

0,42

180

75,60

Бақша дақылдары(қарбыз)

10

0,83

-

-

Жаңа піскен жемістер  (алма)

25

2,08

350

728

Жидектер  (жүзім)

4,5

0,38

800

304

Кептірілген жемістер(қақ өрік)

0,5

0,04

1 200

48

Қант

18

1,50

224

336

Азық-түліктер

Тұтыну нормасы, жылына (кг)

Тұтыну нормасы, айына (кг)

Азық-түлік бағасы кг, л, дана

(тг)

Айлық норма бағасы

(тг)

Сиыр еті

15

1,25

1 300

1625

Шошқа еті

9

0,75

1 100

825

Қой еті

6,3

0,53

1 300

689

Құс еті

5

0,42

910

382,20

Жылқы еті

3,2

0,27

1 300

351

Пісірілген шұжық

3

0,25

350

87,50

Қосалқы ет өнімдері, 1-санат (бауыр)

0,4

0,03

600

18

Мұздатылмаған және/немесе мұздатылған көксерке

8,4

0,70

1 000

700

Сүт, литр

84,5

7,04

208

1464,32

Қаймақ, майлылығы 20%

3,2

0,27

1 000

270

Жартылай майлы сүзбе

4,9

0,41

500

205

Мәйектелген сүтсірне

2,3

0,19

1 500

285

Сары май

4,4

0,37

400

148

Жұмыртқа, дана

142

11,83

24

283,92

Күнбағыс майы (л)

7

0,58

350

203

Маргарин

1,5

0,13

335

43,55

Майонез

0,5

0,04

60

2,40

Шәй

0,67

0,06

1 567

94,02

Ас тұзы

2,19

0,18

30

5,40

Ашытқы

0,05

0,004

1 000

4,17

Дәмдеуіштер

0,02

0,002

1 600

2,7

БАРЛЫҒЫ

13 055,31

 

14 сәуір 2011, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.