
Ресейлік қазақ Тасболат Ибрашев 3 ақпанда Украинадағы соғыста көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы журналист Виктор Шацких мәлімдеді.
Әлемдік БАҚ Тасболат Ибрашевтың 2008 жылы тамызда Гори қаласының шетіндегі грузин әскери тізбегінің алдында тұрған сәті түсірілген суретін жариялаған. Оны көбі алғашында бурят деп ойлайды. Бірақ 2019 жылы оның қазақ Тасболат Ибрашев екені белгілі болды. Ол 58-Ресей әскерінде келісімшарт бойынша қызмет еткен.
Тасболат Ибрашев 1984 жылы 16 қаңтарда Атырау облысы Аққыстау ауылында дүниеге келген. 1986 жылы оның отбасы Астраханға көшеді. 2020 жылдың қаңтарында ол Атырауға келіп, тіпті жергілікті университет онымен студенттер үшін кездесу ұйымдастырды.
Украинадағы соғысқа дейін Ибрашев Астраханда тұрып, еңбек етті. 2023 жылдың қыркүйегінде ол өз еркімен Ресей әскерімен келісімшартқа отырып, Украинаға қарсы соғысуға аттанды.