Атырау, 5 желтоқсан 10:07
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қауіпсіздік пе әлде құқық бұзу ма? Көшеде​ кәмелетке толмағандарды тексеру Атырау тұрғындарын алаңдатып отыр

1 051 рет қаралды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Атырау қаласы тұрғынының шағымы анықталды. 1 ақпанда 15 жастағы ұлын екі досымен бірге құқыққорғау органдарының қызметкері жеке заттарын тексеру үшін тоқтатқанын айтады.

«Олар Стройконтора маңындағы аллеяда серуендеп жүрген. Олардың жанына ер адам келіп, полиция куәлігін көрсетіп, сөмкелері мен қалталарын көрсетуді талап еткен. Ұлы не үшін екенін сұрағанда, полицей тыйым салынған препараттарды іздеп жүргенін айтқан», - деп бөлісті қала тұрғыны.

Атырау тұрғынының жазбасына осындай ұқсас жағдай болғанын суреттеген бірнеше комментарий пайда болды. Ата-аналар балаларын адам көп жиналатын жерлерде тоқтатып, сөмкелерін тексеретінін айтады.

«Бұл қаншалықты заңды? Балалар кәмелетке толмаған, мүмкін қызметкерлер тексергісі келсе, заңды өкілдерін шақырған жөн шығар?» — деп ұсыныс жасайды ата-аналар алаңдаушылықпен.

«АЖ» редакциясының сауалына полиция департаменті бүгінгі күнге дейін бұл мәселе бойынша азаматтардан арыз-шағым түспегенін айтты.

«Қаңтар айында кәмелетке толмағандар арасында тыйым салынған заттарды анықтау бойынша мақсатты тексеру жүргізілген жоқ. Балаларға қатысты заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда, кез келген азамат кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізу үшін құқық қорғау органдарына хабарласуға құқылы», - деп түйіндеді полицияның баспасөз қызметі.

Десе де, көкейде қалған сұрақ: қызметтік куәлікпен қала көшелерін аралап, жасөспірімдердің қалтасын тексеріп жүрген кім?

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

9 ақпан, 20:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.