Атырау, 17 қаңтар 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Авангард ықшамауданындағы №3 мектеп-гимназияны полиция қоршап тұр

Бейнежазба
1 348 рет қаралды

Бүгін Атырауда Авангард ықшамауданындағы №3 мектептің оқушыларын мектеп әкімшілігі сабақтан жедел ертерек босатты. 

Оқушылардың айтуынша, мұғалімдер оларға ғимаратта тұрба жарылғанын айтқан. Ал ата-аналар жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама түсті дейді.  

Қазіргі кезде мектептің айналасы полиция қызметкерлерімен қоршаулы тұр. Оқушылар сағат 12:25-те үйлеріне тарады. Полиция департаменті тексеріліп жатқанын мәлімдеді. 

Ақпарат нақтылануда.

Еске салайық, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау - бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

6 ақпан 2025, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.