Атырау, 19 желтоқсан 00:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Әблязовтың қанша ақшасы бар?» «Бұған жетер байлық бар ма?» «Асхат ЕРКІМБАЙ: Әлем Қазақстанға орыс журналистерінің көзімен қарайды».

3 423 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстанның жұмбақ пентаграммасын әртүрлі жорыды»- LiveScience журналындағы мақалаға қарағанда, Қазақстандағы аумағы 366 метрлік пентаграмма совет заманынан қалған болуы да мүмкін. Жергілікті археолог Эмма Усманованың айтуынша, жұрттың пентаграмма деп жүргені – советтік жұлдыз формасында салынған бақтың орны.

ZHASALASH.KZ. «Сiз қайда демаласыз?» - Егер сiздiң  жұмысыңыз өнбей, бастаған iсiңiз аяқсыз қалып, шаруаңыз шатқаяқтап кетсе; таңертең кабинетiңiзге манаурап кiрiп, түс әлетiнде маужырап, кешкiлiк үйге қалжырап қайтсаңыз; әр нәрсеге шарт кетiп ұстамаңыз ұстай берсе; көр-жердi сөз етiп, әр нәрсеге араласа берсеңiз онда сiзге демалған дұрыс. Ендеше, қайдабарасыз?

AIKYN.KZ. «Бұған жетер байлық бар ма?» - Қазақстан – сынақ алаңы. Бізде не сыналмады? Атом қаруы да, басқа қаншама эксперименттер бірінші кезекте біздің елде өткізілді. Зардабы елдің көз алдында. Ықылық атқан елдің Денсаулық министрлігі жақында мемлекеттік ауруханалар мен клиникаларды жекеменшіктің қолына беруді ұйғарды. Не қаржы жоқ па? Мемлекет дағдарысқа тап болды ма? Әлде мұнай таусылды ма?  

EGEMEN.KZ. «Тұлғаны танып болдық па?» - Ресей патшалығы қазақтардың Қытаймен бейбіт келісімге келуі­нен секем алып, жақындасып кете ме деген қауіппен Құлсары секілді беделді cтаршындарды өз мүдделеріне пайдалануға ұмтылып отырған. Жақсы жағдай жасау арқылы аузын алуға, тілін табуға тырысқан.

BAQ.KZ. «Асхат ЕРКІМБАЙ: Әлем Қазақстанға орыс журналистерінің көзімен қарайды» - Бір өкініштісі, олар өз ғылыми тұжырымдарын Қазақстандағы орыстілді журналистиканың ақпаратымен қорытады. Қазақ қоғамына деген көзқарас та орыстілді журналистиканың негізінде қалыптасады. Неге? Өйткені методология орыс тілінде жазылып, қазақ тілінде жазылмайды. Көбіне орысша білетіндерден шетелдік ұйымдар көп пікір сұрайды. Нәтижесінде шын мәнінде қазақ қоғамына қатысты оңтайлы пайым жасалмайды.

SERKE.ORG. «Әблязовтың қанша ақшасы бар?» -  Француз түрмесінде жатқан қашқын банкир Мұхтар Әблязов жөніндегі кез келген ақпаратқа жұрт елеңдеп отыр. Бәрінің ойында «Оны Украинаға экстрадициялай ма, жоқ па?» деген сұрақ тұр. Әрине, бұл сұрақ Мұхтар Әблязовты да қатты ойландырады. Сондықтан ол қолындағы барлық ақшасын өзін қорғауға жұмсайтыны, экстрадицияға түсіп кетпеу үшін жанын салатыны анық. Бұған оның ақшасы жете ме? Егер ол өзінің барлық ақшасын өзін қорғауға жұмсаса, оның Қазақстанда «режиммен күресіп жүрген» жақтастары қаржысыз қалмай ма? Мұндай жағдайда олардың «қоғамдық қызметі» бәсеңсіп, «демократияның» үні шықпай қалса ше? Міне, бұл сұрақ та Әблязовты қатты мазалап тұр.

NESIBELI.KZ. «Шаң астындағы шындық» - Қытай Халық Республикасының мұрағат қорларындағы Қазақ елі өміріне қатысты деректер туралы сөз. Ұлттық тарихты зерделеу жөнінде өткізілген үлкен жиыннан кейін тарих саласында жаңаша сілкініс, жаңаша серпіліс орын алып жатқаны шындық. Соның бірі – қазақ қоғамына бейтаныс дүниелерді жарыққа шығару үшін тарихшы ғалымдарымыздың шетелдерге іссапарларға шығуы. Жуырда ғана Қытайдан орал­ған Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Жанымхан Ошанмен әңгіме негізінен іссапардың нәтижесі туралы өрбіді.

AIKYN.KZ. «Қазақстан «сервистік алпауытқа» айналады!» - Ел Үкіметі «қазақстандық қамту» бойынша мемлекеттік мүддеде табандап тұратын болады! Қазіргі кезде Үкімет қарауында «ТШО-ны болашақтағы кеңейту» жобасы жатқаны мәлім. Кеше оған қатысты меморандумды бекітудің тағы бір айға әрі шегерілгендігі мәлім болды: ресми Астана осылайша, асығып-аптықпай, «қазақстандық қамтуды» ұлғайтуға мүмкіндік беретін «отандық компаниялардың операторлармен, соның ішінде ТШО-мен өзара әрекеттесуінің» тетігін түзіп, оны осы жобада сынақтан өткізбек. Өйткені алда Қашаған, Қарашығанақ секілді ірі кен орындарын игеру жобалары кеңейгелі тұр, солар бойынша қайта мәміле жасалғанда, осы үлгі пайдаланылуы ықтимал.

7 тамыз 2013, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.