Атырау, 18 желтоқсан 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Болуы мүмкін дағдарыс пен қақтығыс аймақтары». «Генералдар жазаланған күн». «Құрып кететін елдердің тізімі». «Бiлiм саласындағы былық белуарға тақады».

2 814 просмотра

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. «Болуы мүмкін дағдарыс пен қақтығыс аймақтары» - Foreign Policy («Форин Полиси») журналы 2013 жылы дағдарыс пен қақтығыстарға ұрынуы мүмкін аймақтарға Орталық Азия өңірі де кіруі ғажап емес деген болжам жасады. Десе де басылым өзі таңдап алған әлгіндей он қақтығыс ошағының тізіміне қазіргі болып жатқан текетірестер мен жанжалдарды енгізбеген.

ZHEBE.COM. «Генералдар жазаланған күн» - Түркияда әскерилердің 1960 жылдан бері бірнеше  мәрте  төңкеріс жасап, Үкіметті  басып алғаны  белгілі.  Ал, соңғы  жылдары  елде астыртын қызмет жасайтын ұйымдардың бар екендігі жиі айтылатын. Сондай ұйымдардың қатарына «Ергенекон»  ұйымы да кіретін. Елдің кілең  беделді тұлғалары,  генералдар мен адмиралдары,  журналистері, депутаттары кірген бұл ұйым ел саясатына өте қатты әсер етіп келген-ді. Бұл ұйым аса қауіпті террористік ұйым саналады. Алайда, ұйым мүшелерінің көбі  билікте отырған.

INFORM.KZ. «Мұсылман спортшыларының таңдай қақтырған он жайты» - «Аламан» ұлттық спорт порталы мұсылман спортшыларының таңдай қақтырған он жайтын жариялады.

BNEWS.KZ.«Орынбор түбіндегі сармат қорғандарынан тарихи жәдігерлер табылды (ВИДЕО)» - Экспедиция кезінде әйел адамның сүйегі табылды. Оның үстіне алтын шашылған. Алтын шашақтар, әшекейленген жамылғы, күміс және қола ыдыстар да анықталды. Олардың қатарында түрлі бағалы металдан оюланып жасалған заттар да бар. Барлық жәдігерлер зерттелгеннен кейін облыстық өлкетану мұражайына тапсырылады.

EGEMEN.KZ.«Аралды құтқару – адамзатты құтқару» - Аралдан ұшқан ақ тұз Антарктидаға жеткенде бұл біздің проблемамыз ғана емес еді. Тұтас әлемнің бас ауруына ай­нал­ған. Осы тұста Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев үлкен бастаманы қолға алды. Ол – САРАТС жобасы болатын. Яғни Аралды қайта қалпына келтірудің кешенді жұмысы. Аталған жобаның алғашқы фазасында Кіші Аралға су келді. Сумен бірге өмір орнықты. Президенттің тікелей мұрындық болуымен бүгінде Арал өңірінің ажары кіре бастады. Ал 1993 жылы Халықаралық Аралды қорғау қоры құрылды. Қорды құруға Қазақстан бас болып, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан сияқты бауырлас мемлекеттер тізе қосты. Соның нәтижесінде талай тірліктің басы қайырылды. Атан түйенің белі шыдамас жұмыстар атқарылды.

«Алаяқтың ақыры» - Бір айтатыны, мүнәфих Мұхтарды шырылдатып ұстап алып, алаяқтығын бетіне шыжғырып басуға бірінші болып батыл қа­дам жасаған Ресей билігі екені бірден бай­қалды. Жоғарыда аталған операция да осы өтініштің негізінде жүргізілгенге ұқсайды. Тағы бір қызығы, осының арқасында қолға түскен Әбіләзов бірден Ресей құқық қорғау органдарының қолына ұстатыла салмайды екен. Себебі, оны ұстау жөніндегі санк­цияны бірінші болып халықаралық деңгейде рәсімдеп алған Украинаның тәртіп сақшылары болып шықты. Былайынша айтқанда, халықаралық ордерді жаздырып алған осы елдің прокурорлары көрінеді. Сөйтсек, қашқын банкир украин ендіктеріне де ендеп кіріп, оның біраз жерінің батпағын былқылдатып кеткенге ұқсайды.

QAMSHY.KZ. «Нәбижан Мұхамедханұлы, профессор: Қазақ тарихын ұлтқа, қоғамға, мемлекетке жауапкершілікпен қарайтын білікті ғалымдар жазуы тиіс» - "Біздің елде ресми тарихты жазатын үш ғылыми зерттеу институты бар. Олар: Ә.Марғұлан атындаға Археология институты; Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Мемлекет тарихы институты. Тәуелсіздіктен бері Қазақстан тарихы үшінші рет қайта жазылуда. Академик Манаш Қозыбаевтың жетекшілігімен «Қазақстан тарихының Очеригі» және сол кісінің жетекшілігімен басталып, ол кісіден кейінгі институт директорлары Мәмбет Қойгелдиев, Ке­мал Бұрханов, Саттар Мәжитовтер жалғастырып аяқтаған «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» бес томдығы, және қазіргі Ханкелді Әбжановтың жетекшілігімен жазылып жатқан «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» он томдық жиырма кітап. Ал, баспадан жарық көрген алдыңғы екі «Қазақстан тарихында» тәуелсіз мемлекет тұрғысынан тарихымызды қайта қарастырап, көптеген жаңа көзқарастар мен тың тұжырымдар қортындыланған болатын.

ULT.KZ. «Алматыда қазақстандық алғашқы ДНҚ-генеалогия орталығы ашылды» - «ДНҚ-генеалогия - Қазақстанда!» осындай тақырыппен (02.08.2013ж.) Алматыда бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) қатысуымен арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Шараны ұйымдастырған жаңадан ашылған «SHEJIRE DNA» ДНҚ-генеалогия ғылыми орталығы болды.

SHYN.KZ. «Құрып кететін елдердің тізімі» - Сарапшылар 2050 жылға дейін құрып кететін елдердің тізімін жасады. Бірінші орында басым дауыспен АҚШ тұр. Одан кейін Франция, Ұлыбритания, Италия, Ресей бар. Жапония да болашағы бұлыңғыр мемлекеттер қатарында. Тіпті миллиардтардың мекені Қытай да осы "қара тізімге" іліккен. Сарапшылардың 15 пайызы бұл елдің де құру қаупі басым деп есептейді.
Ғалымдардың пікіріне сүйеніп «Қазақстан бүгінде әлемдегі ең ірі экспортты мемлекет. Сондықтан біздің ел өз халқын ол уақытта асырай алады» деп сендіреді «Экспресс К».

SERKE.ORG. «Әблязовтың ақыры» - Франция түрмесінде жатқан Мұхтар Әблязовтың бостандыққа қайта шығуы неғайбыл. Тіпті ол қалған өмірін түрмеде өткізуі мүмкін. Себебі оның экстрадициясын үш ел  - Украина, Ресей және Қазақстан күтіп отыр. Украинада оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Заңгерлердің айтуынша, Украина соты оны 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге түрмеге кесуі мүмкін. Ресейде де оны кемі осындай жаза оны күтіп тұр. Ал ең ұзақ жазаны Қазақстан соты белгілейді. Себебі оның мұнда бүлдіргені тым көп.

AZATTYQ.ORG. "Әлия Тұрысбекова: «Козлов ісі бойынша енді БҰҰ-ға шағымданамыз»" - Тамыздың 5-сі күні жоғарғы сот жеті жарым жылға сотталған саясаткер Владимир Козловтың үкімін қайта қараудан бас тартты. Бұл сот – Қазақстандағы соңғы инстанция.

ZHASALASH.KZ. «Бiлiм саласындағы былық белуарға тақады» - Арыз-арманын айтып, iшiндегi күйiктi ақтарған ата-ананың әңгiме­сiн қоя тұрып, алдымен мына бiр мәселенi қозғай кеткендi жөн көрiп отырмыз. Жалпы, қазiр мектеп оқу­шылары ұстазының ұлағатты жан екенiн, мектеп директорының бiлiктi де адал басшы екенiн сезiне ме? Ертең алдынан шығар ҰБТ-ның өз бiлiмiн сараптап берер әдiл таразы екенiне сене ме? Бұған сенедi-сенбейдi деп кесiп айтпай-ақ, сол оқушылардың көз алдында өтiп жат­қан мына бiр мәселенi көлденең тартайық. Соңғы кездерi 10 жыл бойы қалада оқып келген бала 11-сыныпқа көшкенде, ауылға ауысып кететiндi шығарды. Өйткенi ауыл мек­тебiн бiтiрген түлектерге жеңiл­дiк бар.

AIKYN.KZ. «Болсайшы бұл қазақтың бәрі осындай!..» - Жақында ғана Қытайдағы Тасқын деген қазақ жігіт миллиардтаған көрерменді таң қалдырып, қытайлықтардың көзінен жас ағызды. Мәриям Жагорқызының «Дудар-ай» әнін нәшіне келтіріп шырқағанда жюриде отырғандар жылап жіберді. Осы көріністі қазір бүкіл дүние жүзі тамсана көріп отыр, тіпті түркітілдес ағайындар интернет желісінде мақтаныш сезімдерін жасыра алмай, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатыр.

«Сауданың сорақысы...» - Жуырда еліміздің Ішкі істер министрлігі Криминалды полиция комитетінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының өкілдері адам саудасына қатысты қылмыстың өршіп тұрғанын мәлімдеді.

ALASHAINASY.KZ. «500 мың мүгедекті есеп үшін есіркеп жүрміз бе?» - Еліміздің тағдырдың жазуымен өздігінен жү­ріп-тұрудан айырылған аза­маттары үшін қоғамдық көлік­тер­мен жүру мүмкін емес. Адам құ­қығы сақталатын дамыған елдерде бұл мәселе әлдеқашан дұрыс жолға қойылған, арнайы сатысы бар авто­бус­тар­ға арбамен мініп түсу еш қиындық ту­дырмайды. Ал біздің жолдарда мүгедек түгіл, сау адамдар зордың кү­шімен сыятын Қытайдың шағын автобустары жүргенде бірдеңе талап етудің өзі қисынсыз сияқты. Жалпы, қоғамдық көлік қана емес, әлеуметтік ма­ңызы бар ғимараттарға кіру де мүм­кіндігі шектеулі жандар үшін шек­теу­лі.

6 тамыз 2013, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.