Атырау, 9 желтоқсан 09:10
 ашықВ Атырау +3
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​Атырауда қант шығару зауытының құрылысын бастау жоспарланды

1 231 рет қаралды

Атырау облысында қуаты жылына 144 сың тонна қант шығару зауытының құрылысын бастау жоспарланды. Жобаны қажетті қаражаттың 80% пайызын салуға дайын отырған қытайлық инвесторлардың кепілдігімен «Голдбридж халықаралық компаниясы» ЖШС ұсынды. 

Компания басшысы Лина Тайкен аймақта жылына 144 мың тонна секер шығаратын зауыт салуға ниетті екенін айтты

- Жоба Атыраудың ғана емес, еліміздің де қантқа сұранысын өтемек. Біз қызылшадан ашытқы өндіретін қытайлық жетекші компаниямен тәжірибе алмасып, технологиясын жан-жақты зерттедік. Олар біздің жобаны қолдап, қажетті қаражаттың 80%-н инвестицияламақ. Біздің жобамызды Атырау облысында жүзеге асыруға 1,5 жыл уақыт керек. Егер ресми құжаттар уақытылы дайындалса, 2026 жылдың жазында зауытты іске қосып, қызылшадан қант пен тағы да төрт түрлі өнім шығармақпыз. Жобаны жүзеге асыру үшін жер беріп қолдау көрсетуіңізді сұраймын, - деді Л.Тайкен.

Серік Шәпкеновтің айтуынша, қанттың 90% өзге елден импортталады. Облыс әкімі «Голдбридж» ұсынған жобаны құптап, қажетті қолдау көрсететін жеткізді.

- Бұл бізге керек әрі тиімді жоба. Атыраудың жері қызылша өсіруге қолайлы. Ауыл шаруашылығының әлеуетін пайдаланып, ішкі нарықты өз өнімімізбен қамтамасыз етіп, аграрлық секторды жандандыруға нақты жол ашамыз деп сенемін. Өз тарапымыздан инфрақұрылыммен қамтуға дайынбыз,-деді С.Шәпкенов.

Жиын соңында аймақ басшысы жер телімін қарастыруды, үшжақты меморандум әзірлеу үшін тиісті құжаттарды дайындауды тапсырды.

24 қаңтар, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.