Атырау, 15 наурыз 1208
 ашықВ Атырау +16
$ 505.15
€ 550.31
₽ 5.89

​Қазақстанның жас ғалымы Оксфордқа шақырту алды

381 просмотра
facebook.com/gylym.jogarybilim

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының жас ғалымы Арыстанбек Ақылбай Оксфорд университетіне танылған студент ретінде қабылданды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

Жас ғалым 2025 жылғы қаңтардан бастап Ұлыбританиядағы Оксфорд жаһандық және аймақтық зерттеулер мектебінде «Аймақтану» мамандығы бойынша оқитын болады. Оқуды аяқтағаннан кейін Арыстанбек Оксфорд университетінің қауымдастырылған түлегі мәртебесін алады.

Бұған дейін ҚазҰУ-дың жас ғалымы Гарвардқа (АҚШ) шақырту алып, шақырылған ғылыми қызметкер ретінде келісімшарт бойынша жұмыс істеген болатын.

22 қаңтар, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16