Атырау, 19 желтоқсан 00:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қазақтың қарызы қанша?". "Оқушыны шатастырмайтын оқулық жазылады". "Грузин әйелдері «қыз абыройын тексеру» ғұрпына наразы". "Текті де сатып алуға болады". "Қадір түні не істеу керек?". "Кәсiпкердi қамаудан босатпады".

2 669 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Грузин әйелдері «қыз абыройын тексеру» ғұрпына наразы» - Грузин әйелдері тұрмысқа шығатын бойжеткеннің «пәктігін тексеру» ғұрпына қарсы наразылық шарасын бастады. Бұл елде күйеу жігіт қалыңдығынан пәктігін құжат жүзінде дәлелдеуді талап етсе, қыз бала ақысын төлеп, арнайы тексеру жүргізеді.

«Экстрадициялануы мүмкін Әблязов әзірше қамауда отыр» - Франция прокуратурасы қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты экстрадициялау мәселесін қарап жатыр. Ал Алматы мен Астанадағы белсенділер оны Қазақстанға қайтармауды өтінді.

ALASHAINASY.KZ. «Жәрдемақыны көтеру масылдық туғызып жүрмей ме?» - «Егер біз болашақта мемлекеттік жәрдемақы төлеміне жаңашылдық енгізбесек, халқымыздың әлеуметтік ахуалын оңалту қиын. Себебі елде экспорт жағы әлі де жетілмеген. Отандық кәсіпорындар легі аз. Қымбатшылық кернеп тұр. Республика халқының 39,7 пайызы орташа жалақы алады. Ауылдық жерлерде агроөнеркәсіптік кешен толық дамымаған. Сондықтан кемі бес жылдың ішінде мемлекеттік жәрдемақы мәселесін мәнге келтіріп алғанымыз жөн».

«Малта сорудан жеріген қазақ сақау болып барады» - Бұрын үйде ата-ана, мектепте ұстаз балаға «дұрыс сөйле» деп бағыт беретін. Қазір дыбысты бұзып айтатын немесе тұтығатын шәкіртке таңғалмайтын болдық. «Р» дыбысын «ыл» немесе «ғы» деп, «қ» мен «г» әрпін «т» қылып, «р»-ды «м»-ға ауыстырып, «с», «ш», «ж», «з» дыбыстарын «ч» қылып айтатындар жиі кездеседі. Дыбысталу жағынан бір-бірімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын әріптерден «ботқа» қайнатып жатырмыз.

SERKE.ORG. «Қазақтың қарызы қанша?» - Ұлттық банктің құлағын ұстаған Гри­горий Марченконың лаңы қазақты титық­татып біткені сонша, қоғамда қозғалыс туғыза бастады. «Ел құлағы – елу» деген, шетел валютасын ауыстыру нүктелерін монополия жасап алуға ұмтылған да, әйелдердің зейнет жасын ұзартқысы келген де, жап-жас министрімізді аттан аударып тастауға тікелей ықпал еткен де, ислам экономикасына жан-тәнімен қарсы шығып, қасарысқан да, халал индустриясының аяғына тұсау салған да сол – Марченко көрінеді...

MUSLIM.KZ. «Қадір түні не істеу керек?» -  Қадір түніне келсек, ол – түндердің ең қайырлысы. Өйткені, хадисте айлардың қайырлысы Рамазан, түндердің қайырлысы Қадір түні, күндердің қайырлысы Жұма күні екені айтылған. Бұл түнді негізінен Рамазан айының соңғы он күнінде, тақ санда іздеу керек. Көпшілік ғалымдардың ортақ пікірінше, Қадір түні Рамазан айының жиырма жетінші түні болып есептеледі.

AIKYN.KZ. «Оқушыны шатастырмайтын оқулық жазылады» -  Тарих пәні бойынша мектеп оқушылары мен студенттерді шатастырмайтын оқулық жазылады. Яғни алдағы уақытта «Әлем тарихы», «Орта Азиялық мемлекеттер тарихы» және тарихтың салалары бойынша жаңа оқулықтар жазыла бастамақ. Қазіргі күні аталған оқулықтар авторларының тізімі жинақталуда екен. Бұл жөнінде Ұлттық тарихты реформалау барысында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырған брифингте Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған мәлімдеді.

BAQ.KZ. «Текті де сатып алуға болады» – Қазақстандық қалталылар енді жеті аталарынан безіп, тегін өзгертіп жатқан көрінеді. Бәрі таза аристократ болғысы келеді.  Жылжымайтын мүліктерді сату жөніндегі агенттіктің басшысы Геннадий енді қазақстандық қалталыларға ақсүйектік атақ алып берумен айналысып жүрген көрінеді. Оның айтуынша, ең арзаны – француздың дворяны атағы екен. Құны бестен он бес мың еуро тұрады. Қазақстандық бір азамат 40 мың еуроға «маркиз» атағын сатып алыпты, ал екіншісі 20 мың еуроға «поляк герцогы» атағын алған.

ZHASALASH.KZ «Мұра және мұрагерлiк» - Бiз өзi қарама-қайшылыққа толы елмiз. Бiреу тойып, екiншiсi тоңып секiрген елмiз. Ат төбе­лiндей топ “Форбс” журналының миллиардерлер тiзiмiнiң төрiн бермейтiн, ал қалың жұрт екi қолға бiр жұмыс тауып алуға шамасы келмейтiн елмiз.Қараңыз, қандай парадокс: қағаз жүзiнде 2030, керек десеңiз, 2050 жылдар­ға дейiн “даму Стратегиясын” анықтап алған Қазақстанның iс жүзiнде саяси болашағы бұлдыр. Тiптi 2017 жылы не болатынын, кiмнiң Назарбаевтың саяси мұрагерi болатынын ешкiм кесiп-пiшiп айта алмайды.

«Кәсiпкердi қамаудан босатпады» -  Шiлденiң 29-ы күнi Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласының Бөрiлi аудандық сотында кәсiпкер Барлық Меңдiғазиевке қатысты екiншi сот отырысында оны қамаудан босату туралы адвокаттарының өтiнiшi қаралды. Өкiнiшке қарай, сот бұрынғы шешiмдi өзгерiссiз қалдырды. Б.Меңдiғазиев шiлденiң 12-сi күнi Алматыға барғаны үшiн, яғни Ақсай қаласының аумағынан шығып кеткенi үшiн Бөрiлi аудандық сотының шешiмiмен шiлденiң 22-сiнде қамауға алынған болатын. Бұған дейiн кәсiпкерден ешқайда шықпау жөнiнде қолхат алынған-ды.

2 тамыз 2013, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.