Атырау, 4 қазан 17:02
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Бағытжан Рахбиев: «Менің жаттығушыларым үшін спорт - әлемге ашылған есік»

3 750 просмотра

Еркін күрестен «Қайрат» ерікті спорт қоғамының 10 дүркін чемпионы, қазақша күрес бойынша бірнеше спартакиаданың жеңімпазы, Қазақ КСР құрамасының мүшесі Бағытжан РАХБИЕВТЫҢ еңбек етпеген саласы жоқ десек артық болмаса керек. 1985 жылдан 1989 жылға дейін ол облыстық спорт басқармасын басқарды, кейін қалалық әкімдікте, ПИК-де жұмыс жасады. Қазір бұрынғыша қатардан түспеген чемпион өзінің егде тартқан жасына қарамастан Авангардтағы  олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (СДЮСШОР-1) әдіскер болып жұмыс жасайды. Және қоғамдық бастамаларда дамуында ақауы бар және жүйке-неврологиялық сырқаттары бар науқастар үшін жарыстар мен жаттығулар ұйымдастырады. 

-Бағытжан Рахбиұлы, өзіңіздің «Спешиал Олимпикс» қоғамдық ұйымының филиалындағы жұмысыңыз туралы айтып берсеңіз?

Менің ол жандарға қатты жаным ашиды. Өйткені, олар күні бойына ешқайда шықпайды. Спорт олар үшін елін және әлемді көруге мүмкіндік беретін жалғыз ғана үміт. Жарыстарда олар өздеріне достар тауып, бір-бірімен хат жазысады, олардың өмірге деген қызығушылығы туады. Олар Сарайшықтағы арнаулы интернатта, Махамбеттегі балалар интернатында және Лесхоздағы балалар жүйке-неврологиялық интернаттарында  тұратын науқас жандар.  Олардың арасында біз спорттың 5 түрінен облыстық жарыстар өткіземіз: шағын-футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, флорбол-шағын футболға арналған залда болатын допты хоккей. Бізде барлығы шамамен 350-дей адам айналысады. Олардың басым бөлігі Сарайшық интернатының пациенттері. Оларды сол мекеменің қызметкерлері жаттықтырады, мен тек оларға әдістемелік көмек беремін және жарыстар ұйымдастырамын.  

– Айталық, сіздің идеяңызды лезде-ақ қабылдай алмайтын адамдарды жаттықтыру оңай емес шығар?

Мен олай демес едім.Олар спортпенүлкен талпыныспен айналысады және жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Олар  тек өз палаталарында отырып қалған. Өткен жылдың мамыр айында шағын футболдан әйелдер командасы Польшаға «Спешиал Олимпикс» аясында Еуропа чемпионатына барды. Сол жерде олар екінші орынға ие болды. Биылғы жылы біз үстел теннисі бойынша әлем біріншілігіне қатысуды жоспарлап отырмыз. 

– «Спешиал Олимпикс» қоғамдық ұйымының филиалы ашылған үш жыл ішінде қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіздер?

Бізде 10 адам күн сайын 2 сағаттан боулингпен айналысады. Лесхоздағы интернаттан екі бала спорттың осы түрінен Қазақстан чемпионатында бірінші және үшінші орынды жеңіп алды.

Бұдан басқа, мен таяуда флорбол бойынша мүліктерді тауып алдым. Келесі жылы спорттың осы түрінен Еуропа чемпионаты болады, соған қатысамыз деген ойымыз бар.

Сарайшық және Махамбет интернаттарының балалары үстел теннисінен  жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Олардың арасында Қазақстан чемпионаттарының бірнеше чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Бұдан басқа, Сарайшықта роликті конькимен сырғанау бойынша жаттығулар өткізіледі. Спорттың бұл түрінен Сарайшық балалары Батыс Қазақстан бойынша көш басында келеді.

Жеңіл атлетика бойынша барынша адамдарды көптеп қамту үшін біз жарысты екі санат бойынша-бастапқы және күшті дайындықтармен өткіземіз. 

– Сыйлықтарды сатып алу үшін  сіз қаржыны қайдан аласыз?

Кәсіпорындарға ұсыныс жасаймыз. Көбіне шетелдік компаниялар көмектеседі. Қазақстандық кәсіпорындар біздің хаттарымызға көңіл аудармайды. Ал, бізге керегі көп ақша емес, 50-100 мың ғана. «Денге Энергия» (басшысы Шакир Сароглу) және «Казахстан Интергрейтед Сервисез» (басшысы Жулиан Кичкок)  компанияларын атап өткім келеді, олар жыл сайын қол ұшын беріп отырады.

– Биылғы жылға қандай жарыстарды жоспарлап отырсыз?

-Биылғы жылы бізде спорттың 8 түрі бойынша жоспар бар. Шағын футболдан біз турнирді 25-27 наурызда өткізіп тастадық. Оған жүздеген адам қатысты. Екі санаттағы командалар арасынан Сарайшық интернатының командасы жеңіске жетті.

– Сіздерге сәттілік тілейміз!

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В. Истомин

13 сәуір 2011, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.