Атырау, 3 тамыз 11:15
 дождьВ Атырау +22.1
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Ресей Қазақстанмен екі шекара бекетін уақытша жабады

1 710 рет қаралды

Қазақстанмен шекарадағы екі бақылау-өткізу бекеті уақытша жабылады, деп хабарлады «Росгранстрой» баспасөз қызметі, деп хабарлайды Gazeta.ru.

Бұл - Орынбор облысындағы «Орск» және «Маштаково» автомобиль өткізу бекеттері.

«2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Орск және Маштаково автомобиль өткізу бекеттері арқылы көліктер мен жүктердің өтуі уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Оған «Әлімбет» және «Сырым» өткізу бекеттерінің жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуы себеп болғаны айтылған. Қазақстанда жұмыс 16 айға дейін созылатынын нақтылады.

17 қаңтар 2025, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.