Атырау, 12 желтоқсан 08:44
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

«"Әблязовтың ұсталуы оппозицияны әлсіретеді"». "Ресей мен Украинадағы «шоколад шиеленісі»". «“Төңкерiстi” күткендердiң түсi қоңыр күзде iске асады деп дәмеленетiндер бар». «Ашық хат: Офшорға тығылған Қаппаров отставкаға кету керек!».

2 868 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Әблязовтың ұсталуы оппозицияны әлсіретеді"» - Қазақстандық азаматтық белсенді, тәуелсіз журналист Сергей Дуванов Франция халықаралық құқық нормаларын ескере отырып Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадицияламайды деп ойлайды. Оның пікірінше,  егер Әблязов Ресейге жеткізілетін болса, Қазақстаннан бір-ақ шығады.

"Ресей мен Украинадағы «шоколад шиеленісі»" - Соңғы жылдары Ресей көрші елдермен болған саяси жанжалдардан соң молдован шарабына, белорус сүтіне, грузин минералды суына тыйым салған. Мәскеу енді украин шоколодының сатылуына шек қойды.

TURKYSTAN.KZ. «Қазақ көшін қаңтару кімге тиімді» - Баспасөзде қазақ көшінің бұралаң жолдары туралы аз айтылған жоқ. Әсіресе, соңғы жылдары Қытайдан оралатын қандастарымыздың виза проблемасын сөз қылмаған ақпарат құралы қалмады десе де болғандай. Бірақ, бұған көңіл бөліп, назар аударған билік жоқ. Керісінше, қазақ көшіне жасалып отырған кедергілер күн өткен сайын қордаланып келеді.

«Қазақ ауылдарын сақтай аламыз ба? Биыл Қазақстан картасынан 93 ауыл жоғалады» - 2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында болашағы жоқ деп табылған ауылдардың тұрғындарын өндіріс пен ірі қала орта­лығына шоғырландырып, жұмыспен және баспанамен қамтамасыз етіп келе жатқаны мәлім. Бұл бағдарлама бойынша, 50 мыңдай ауыл тұрғыны болашағы жоқ ауылдардан көшіріледі деп есептелінген. Бұл Қазақстанның 9 облысын қамтыған. Елсіз қалған елді мекендердің басым көпшілігі – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарына қарасты. Яғни солтүстік облыстардың көптеген ауылдары болашағы жоқ деп танылып, жабылып жатыр.

ALASHAINASY.KZ. «Иен далаға да инвестиция керек екенін неге ұмыттық?» - Шөлейттену тек Арал өңірінің түйткілді тақырыбына айналып отырған жоқ. Бұл қиындық кең-байтақ даламыздың барлық қиырында да кездеседі. Ғалымдардың айтуынша, еліміздің шамамен 75 пайызға жуығы экологиялық тұрақсыздығы жоғары аймақтардың қатарына жатқызылады. Оған қандай антропогендік жағдайлар әсер етті? Бізде орманды жоспарсыз кесу оқиғалары жиі кездеседі. Сонымен қатар мал азығы мен отынға бұталар мен жар­тылай бұталарды шабудың, орман мен да­ла өрттерінің, жүйесіз рекреацияның, топы­рақ жерасты суларының улы заттар­мен ластануы және өзге де жағдайлардың орын алуынан туындайды.

ZHEBE.COM. «Қытайдың қолы қос омырауда тұр» - Ертістің жоғарғы ағарындағы өзендерді де Қытай шектен тыс тосып, бұрып жатыр. Қарамайға қарай қазылған ені 30 метрге жуық, тереңдігі 9 метрдей ұзындығы 300 шақырымға созылатын алып каналға суды сол Ертістен алып ағызатыны белгілі. Бұл бұрыннан айтылып жүрген жайт. Ал, жұмбағы көп Қытайдың Ертіске құятын басқа да ерке өзендерге қандай жымсыма жоспар сайлап отырғаны белгісіз. Оны екі елдің мемлекетаралық келісіммен құрылған комиссиясы реттеп, біздің жақ анық-қанығын білуге тиіс.

Серік ОСПАНОВ: «Қорасында 500 қойы бар қазақ, өзін «баймын» дейді, бірақ бұл – кертартпа психология...» - Қазақстанда 180 миллион гектар табиғи жайылым бар, оның 70,3 млн. гектары шөл аймақта, 34,5 млн гектары  шөлейт аймақта, 68,0 млн.гектары далалық және қуан далалық аймақта, 6,2 млн. гектары тау бөктерінде. Яғни, жайылымның бүгінде 50-60 пайызы ғана пайдаланылуда. Ал, отарлы мал шаруашылығы өркендеген аймақтарда қой жыл бойы жайылымда бағылады. Бұрынғы алыс жайылымдарды қайта қалпына келтірмейінше, жағдайдың өзгеруі екіталай. Ол үшін қойшылар қосын құру, олардың инфрақұрылым мәселелерін: су, электр жарығы, көшіп-қону т.б. шешу керек. Жыл сайын таптауырын болған жақын жайылымдар деградацияға ұшыраған. 

ZHASALASH.KZ. «Ресей ендi шекарамызды билеп-төстемек» - Өзiнiң ұсынысын ре­сейлiк министр Қы­тай­дың көлеңкелi импортына тосқауыл болады деп түсiндiредi. Ресейде көлеңкелi импортқа қатысты проблеманың күн өткен сайын өршiп бара жат­қанын тiлге тиек еткен А.Белоу­совтың ұсынысы қабылданып, iске асса, баяғы бодандықтың қамытын қайта киетiнiмiз анық. Әйтпесе, қандай тәуел­сiз мемлекет өз шекарасын өзге елдiң кеден­шiлерiне күзеттiредi?

«“Төңкерiстi” күткендердiң түсi қоңыр күзде iске асады деп дәмеленетiндер бар» - Жақында “Республика” ақпараттық-талдамалы порталының редакциясына хат жолдаған оқырман елде мемлекеттiк төңкерiс дайындалып жатқанын, күзде Қазақстанды Назарбаев емес, басқа бiреу билейтiнiн жазыпты. Өзiн “Болжамшы” деп атаған оқырман бұл ақпаратты жақсы танысынан естiп-бiлiптi. “Республиканың” редакциясы “хатта айтылған болуы мүмкiн оқиғалар елдегi қоғамдық-саяси жүйенi түбiрiмен өзгертуi ықтимал болғандықтан, оны жариялауды жөн көрген. “Оның үстiне редакцияның қолындағы ақпараттарға қарағанда, хатта жазылған кейбiр мәлiметтер расымен де орындалуы мүмкiн”, – дептi “республикалықтар”.

«Салықты төрт есеге арттыру халықты қанағанмен тең, мұндай жағдай ереуiлге итермелейдi» - Үкiмет ұсынған бұл заң жобасына байланысты дәл қазiр қоғамды қақ жарған екi пiкiр бар. Бiрi – отандық өнiмдi қолдап, бұл ұсыныс экономикамызды көтеруге сеп болады деп үмiттенсе, екiншiсi – бұл ортайып қалған бюджеттiң орнын толтыруға негiзделген шара екенiн айтады. Үкiмет­тегiлер қазынаның қаражатын талан-таражға салып, шашып, ендi оның орнын толтыру үшiн халықтың қалтасына қол сұғып жатыр дейдi.

ABAI.KZ. «Ашық хат: Офшорға тығылған Қаппаров отставкаға кету керек!» - Таяуда  «Президент және халық», «Қазақ үні» газеттерінде  және  Abai.kz  порталы бастаған бірнеше сайттарда жазылғандай, Халықаралық Зерттеуші журналистер Консорциумы (ICIJ) интернет порталы әлемге әйгілі болған офшор иелері тізімін жариялады («Салықтан қашып, офшорға тығылғандар тізімі. Министр Қаппаров отставкаға кете ме?» www.qazaquni.kz).  Олардың ішінде 64-і  қазақстандық бай-бағландар. Ішінде министр де, миллиардерлер де, сенатор да, банкирлер де, кәсіпкерлер де, бәрі бар.

«Жауап нұсқаларын жаттағыш ұрпақ» - Батыстық білім беру жүйесінің өз артықшылықтары барына күмән келтірмейміз. Дегенмен, оның балалардың ойлау жүйесін әлсіретіп, қиялдау қабілетін тежеп тастайтыны қазірдің өзінде-ақ белгілі болып қалды. Біздіңше, енді қолымыздан келетін жалғыз амал – балаларымыздың дүниетанымын, білім көкжиегін кеңейтуге мектептен тыс өзіміз (яғни, ата-ана) күш салуымыз керек.

EGEMEN.KZ. «Гептилге қарсы ем жоқ па?» - Қазіргі таңда әлемде гептил отыны арқылы ұшырылатын зымырандар саны бірте-бірте азайып келеді. Олардың қатарында бүгінде Ресейдің «Космос», «Циклон» және «Протон» атты ракеталарынан бөлек, америкалық «Титан», француздың «Ариан», Қытайдың «Үлкен жорық» деп аталатын тасымал кемелері ғана бар. Бұлардың соңғылары аталмыш корабльдерін оншалықты көп пайдалана бермейтін де көрінеді. Демек, гептилді зымыраннан тастай қатып айрылмай отырған Ресей ғана.

ALAMAN.KZ. «УЕФА рейтингі. Қазақстан бес саты жоғарылады» - «Шахтер», «Ақтөбе», «Ертіс» командаларының арқасында Қазақстан осы маусымда 2,500 ұпай жинады. Қазақстан осы маусым алдында 40 орында тұрған еді. Осылайша, Қазақстан Финляндия, Исландия, Латвия, Черногория, Ирландия, Уэльс елдерін артқа тастады.

BNEWS.KZ. «Қазақстандық танкистер «Танк биатлонына» қатысады» - Қазіргі уақытта қазақстандық танкистер танк бөлімшелерінің жарысына барын салып дайындалуда. Шығыс Қазақстан облысындағы «Майлино» оқу-жаттығу полигонында механик-жүргізушілер максимальді жылдамдықта танк жүргізу, бөгеттер мен траншеялардан жүріп өту және маневр жасаудың әдіс-тәсілдерін пысықтауда. Экипаж 2500 метр қашықтықтағы нысаналарды атып дайындалуда.

AIKYN.KZ. «Ораза қандай ой салды?» - Норвегиядан Түркияға отба­сымен қыдырып келген қонақтар Мармарис қаласындағы мешіт­тердің бірінен қасиетті Құран мақамына елтіп, биылғы жылдың Рамазан айының қарсаңында ислам дінін қабылдапты. Отбасы мүшелерінің бірі қалмай шәһадат айтып, тілдерін кәлимаға келтір­ген. Осыдан кейін 34 жастағы Нор­вегия азаматы Мария Выс­труп Ниман есімін Айша деп өзгертсе, 31 жастағы отағасы Фроде Андре Сыгвартсен Әли де­ген есімдi таңдаған. Олардың үш баласы ендігі жерде Әсма, Әлиф және Айхан есімдерін иемденд

1 тамыз 2013, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.